Атырау, 22 қараша 16:20
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы патент алды

22 185 просмотра


Аймақтағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Бибарыс Ғилаж еріктілерге арналған «Шаңырақ» ұялы бағдарламасын жасаған авторлық жұмысына ресми патент алды.

Мұнда кәдімгі әлеуметтік желі сияқты тіркелушілер жеке профильдік-аккаунт ашады және қосымшадағы басқа да қолданушыларды қауымдастықтарға енгізе алады, деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі. Қазіргі ақпараттық кеңістікте барлық қазақстандық еріктілердің басын қосатын және олар туралы ресми мәліметтер беретін деректер қорының жоқтығы өнертапқыштың осындай мобильді қосымша жасауына түрткі болған.

2020 жылдың 31 наурызында берілген «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлігіне» сәйкес, Бибарыс өз жобасын нарыққа да шығара алады. 

Жас ғалымның мәліметінше, жобаны дайындау үшін ғылыми ресурстарды зерттеуге көп уақыт жұмсалған. Оның нәтижесі патент алудан бөлек одан да зор мүмкіндіктер беріп отыр. Өйткені ақпараттық-технологиялар саласындағы тәжірибемен болашақ мектеп түлегі әлемнің кез-келген университетінде тегін оқуға мүмкіндік алмақ.



Мектеп оқушысының ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Қазбек Әзербаевтың айтуынша, Бибарыс дайындаған мобильді қосымша белгілі қауіптерді алдын алуға және жасырын деректердің таралмауына септігін тигізбек. Қосымшада тек әрбір адамға қажетті негізгі функциялар қолжетімді болады. Бүгінде Бибарыс бағдарламалау тілін толық меңгеріп алуды алдына мақсат еткен. 


3 сәуір 2020, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.