Облыстық аурухана карантинге жабылуда. Бүгін жұмыста жүрген 200-ден астам қызметкер 14 күнге дейін аурухана ішінде болады.
-Таңертең, әдеттегідей, біздің жолдастарымыз жұмысқа кеткен. Кеште оларды ауруханадан шығармай қойды. Сағат жеті болды, оларға әлі ештеңе айтпаған, өздері аш отыр. Біз алаңдап отырмыз, түнде оларда тағы бір адамнан коронавирус анықталған, - деп «АЖ»-ға дәрігерлердің туыстары хабарласып, шағым айтты.
-Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бұйрығымен бізді карантинге жауып жатыр. Таңертең қызметке кіріскен аурухана қызметкерлері осында 14 күнге карантинде қалады, - деп хабарлады телефон арқылы аурухананың бас дәрігері Саин ШОМИРОВ.
-Сіздің қызметкерлеріңіздің енді жүріп-тұруы, тамақтануы қалай шешіледі? Мекеме қандай режимде жұмыс жасайды, жаңадан түсетін науқастарды қабылдай ма?
-Бұл сұрақтарға қазір жауап беруге дайын емеспін. Қызметкерлердің жүріп-тұруы мен тамақтануын жұмыс барысында шешеміз. Ал, стационардың жұмысы мен науқастарды қабылдауға қатысты мәселені облыстық денсаулық сақтау басқармасы басқа да өкілетті органдармен кеңесіп шешеді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА