Атырау, 10 шілде 15:29
 дождьВ Атырау +33.9
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14

Еуропарламент цифрлық еуроны мақұлдады

88 рет қаралды

Бұл бастама енді соңғы кезеңге – ЕО Кеңесі, Еуропарламент және Еурокомиссия арасындағы келіссөздерге өтеді. Жаңа валютаны іске қосу 2029 жылдың қаңтарына жоспарланған, деп хабарлайды Финансы Mail.

9 шілдеде өткен дауыс беруде цифрлық еуро 416 депутаттың қолдауына ие болды, 169 депутат қарсы шықты. Жоба параметрлері 2024 жылдың соңына дейін келісіліп, 2027 жылы Еуропалық орталық банк шектеулі сынақ жүргізбек.

Брюссельде бұл бастама ЕО-ның стратегиялық автономиясын күшейтіп, америкалық төлем жүйелеріне тәуелділікті азайтуға бағытталғаны айтылды. Цифрлық еуро қолма-қол ақшамен қатар қолданылып, оны толық алмастырмайды.

Алайда бірқатар депутаттар мен деректерді қорғау саласының сарапшылары жаңа валютаның қаржылық бақылау құралына айналуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін, 3 маусымда The New York Times ЕО-ның америкалық технологияларға тәуелділікті азайту жоспары туралы хабарлаған болатын. Жоспарға сәйкес, деректерді өңдеу орталықтарын дамыту және жергілікті жеткізушілерден технология сатып алуды ынталандыру көзделген.

Бүгін, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.