Денсаулық сақтау басқармасы облыстық аурухананың қызметкері Covid-19 жұқтырған деген мәліметті растамады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған басқарманың хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған "Қызылқоға ауданының тұрғыны - 100 адамның инфекция жұқтыруына себепші болды, оның ішінде медицина қызметкерлері мен емделушілер бар" деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
- Облыстық ауруханада 28 жасар әйелмен байланысқан тек 27 адам бар. Оның ішінде медбике мен пациент қана COVID-19 жұқтырған. Ал, қалған емделушілер мен қызметкерлер, яғни 25 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды, - деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы - ҚР ҚК-нің 274-бабы "Жалған ақпарат тарату" бойынша жазаланатын болады. Оған 5000 АЕК көлемінде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.