Атырау, 23 сәуір 19:13
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қазақстанда төртінші адам коронавирустан қайтыс болды

2 621 просмотра

Қазақстанда төртінші адам коронавирустан қайтыс болды. Оқиға Түркістан қаласында тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан бір өлім жағдайы тіркелді", - деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның жедел штаб өкілі.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырған 500 адам бар, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 202, Алматыда - 109, Қызылорда облысында - 26, Қарағанды облысында - 26, СҚО - 25, Түркістан облысында - 23, Атырау облысында - 22, Ақмола облысында - 19, Шымкентте - 12, Алматы облысында - 9, Жамбыл облысында - 9, Ақтөбе облысында - 7, ШҚО - 4, БҚО - 2, Маңғыстау облысында - 3, Павлодар облысында - 1, Қостанай облысында - 1.

Бүгні, 4 сәуірде тағы 36 жағдай тіркелді. Алматыда - 16, Атырау облысында-2, Солтүстік Қазақстан облысында-7, Жамбыл облысында - 1, Шымкентте - 1, Түркістан облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1, Қарағанды облысында-4 жағдай тіркелді. 

Осылайша Қазақстанда COVID-19-дан төрт адам қайтыс болды. Біріншісі Ақмола облысының тұрғыны, екінші адам астаналық болған. Үшінші науқас Қарағанды қаласының 62 жастағы тұрғыны.

Дереккөз: Tengrinews.kz  

4 сәуір 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.