Атырау, 10 шілде 15:05
 дождьВ Атырау +33.9
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14

КҚК Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры қайта іске қосылды

94 рет қаралды

Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры жүйесі жоспарлы тоқтаудан кейін қайта іске қосылды. Жүйе 8 шілде 2026 жылы 12 сағаттық үзілістен соң жұмысын жалғастырды.

Осы уақыт аралығында мұнай құбырының әртүрлі жүйелеріне, мұнай айдау станцияларына және теңіз терминалына техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ағымдағы және күрделі жобалар бойынша жөндеу жұмыстары атқарылды.

Қазақстан аумағында мұнай айдау станцияларында және құбырдың желілік бөлігінде регламенттік жұмыстар жасалды. Мамандар алты ақауды жөндеп, «Құрманғазы» станциясы маңындағы тазалау және диагностика құралдарын қабылдау-түсіру торабының бөлшектерін ауыстырды. «Теңіз» станциясында шарлы кран, ал «Атырау» маңындағы магистральдық торапта дренаждық крандар алмастырылды.

Ресей аумағында да жұмыстар жүргізілді. Астрахан облысы мен Қалмақ Республикасында төрт магистральдық шарлы кранның герметикалығы тексеріліп, үш ақау жөнделді. Ставрополь және Краснодар өлкелерінде де жабдықтарға қызмет көрсетіліп, дренаж желісіндегі клапандар ауыстырылды.

Теңіз терминалында апаттық дизель-генераторлар, қысымды реттеу жүйелерінің арматурасы, резервуарлық парк пен жағалаудағы нысандардағы жабдықтар тексерілді.

КҚК басшылығы мұндай жоспарлы тоқтаулар алдын ала келісіліп, мұнай тасымалдау кестесіне енгізілетінін атап өтті. Бұл тәсіл мұнай өндіру және тасымалдау процесінің барлық қатысушыларына тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.