Атырау, 25 қараша 20:58
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүргізушілер үшін газ арзандайды

4 098 просмотра


Елімізде ТЖ кезеңіне көлікке отын болатын  сұйық газдың бағасы реттелетін болады, - деп хабарлайды ҚР Энергетика  министрлігінің баспасөз қызметі. Атырау облысы бойынша бағасы литріне 53 теңге деп белгіленді.

Энергетика министрлігі мен аймақтағы әкімдікпен бірлесіп, барлық 2165 газ құю стансадағы  бағаны талдап, мемлекетпен бақыланатын шекті баға белгіленді.  Әр аймақтағы бағаны белгілегенде логистикалық шығындар, зауыттың жақын орналасуы, газ құю стансаларының саны, тұтынушылар және т.б. жағдай ескерілді. Жалпы орташа баға 8 пайызға төмендейді.

Атырау облысында АМӨЗ қоймасынан сұйық газды жіберу құны да төмендеді – тоннасына 62 мыңнан 56 мың теңгеге дейін.

Қазір бірлескен бұйрық бекітіліп, ҚР Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 сәуір 2020, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.