Атырау, 24 желтоқсан 02:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Үш қалада шұғыл тұрғызылатын инфекциялық аурухана салынады

3 237 рет қаралды


Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шұғыл тұрғызылатын инфекциялық аурухана салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ТЖ кезеңінде жеке қорғаныш құралдарын шығаруға бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде қауіпсіздік пен жұмыс істеудің жекелеген алгоритмін әзірлеу тапсырылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

3 сәуір 2020, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.