АҚШ президентіне коронавирусқа байланысты тағы бір тест жасалды. Бұл туралы korrespondent.net Ақ үйге сілтеме жасап хабарлады.
Дональд Трамп коронавирусты тексеруге арналған жаңа экспресс-тестті сынап көрді. Талдау теріс нәтиже көрсетті.
«Бейсенбіде медициналық орталықтың жаңа оперативтік мүмкіндіктерін қолдана отырып, президент тағы да тексеруден өтті. Одан коронавирус табылған жоқ және белгілері де жоқ. Сынама алу бір минутқа созылды, нәтижелері 15 минут ішінде дайын болды», - деді Трамптың дәрігері Шон Конли өз мәлімдемесінде.
Президенттің жай ғана қызығушылық танытқанын атап өтті. «Мен тестілеуге бар жоғы бір минут уақыт жұмсадым және екінші рет жасаған тест әлдеқайда ыңғайлы болды», - деп атап өтті Трамп.
Дереккөз: 24.kz