Атырау, 22 қараша 16:34
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

ТЖ кезеңіне тарифтің төмендеуі туралы

3 228 просмотра


Төтенше жағдай кезеңіне Атырау облысының бірқатар елді мекенінде коммуналдық төлем кемітілді. Бұл туралы ақпаратты облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Наталья ДҮЙСЕМАЛИЕВА фейсбуктегі өз парақшасында жариялады.

1 сәуірден бастап төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін төмендегі коммуналдық қызметтердің бағасы кемітілді:

-«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның ауыз сумен қамту қызметіне Атырау қаласы тұрғындары үшін текше метріне 92,63 теңгеден 83,37-ге дейін, немесе 10 пайызға;

-«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның  су тарту қызметі Атырау қаласының тұрғындарына текше метріне 32 теңгеден 28,8 теңгеге дейін немесе 10 пайызға;

-«Атыраужылуэлектрорталығы» ЖШС-нің қуат көзімен қамту қызметі Атырау қаласының тұрғындарына  4832,88-ден 4446,25 теңге/Гкал немесе 8 пайызға;

-«АтырауЭнергосату» ЖШС-нің қуат көзімен қамту қызметі облыс тұрғындары үшін 4,55 тен 4,46 теңге/кВтс  немесе 2 пайызға;

-«Жылыойгаз» ЖШС газбен қамту қызметі Жылой ауданы тұрғындары үшін 1 мың текше метріне 6857,70-тен 6651,97 теңгеге дейін немесе 3 пайызға;

-«Жылыойсу» МКК сумен қамту қызметі Құлсары қаласының тұрғындары үшін текше метріне 161,68 теңгеден 148,75 теңгеге дейін немесе 8 пайызға;

-«Жылыойсу» МКК су тарту қызметі Құлсары қаласының тұрғындары үшін текше метріне   90,96-дан 83,68 теңгеге немесе 10 пайызға.

Сонымен қатар, Н.Дүйсемалиева коммуналдық қызмет көрсететін  барлық мекемеге төтенше жағдай кезеңіне тұтынушыларға бережағына қарамастан қызмет көрсетуді тоқтатпауға ұсыныс жасады. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 сәуір 2020, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.