Атырау, 13 қаңтар 20:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Президент: Халықтың әнұранымызды бірге шырқауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі

Бейнежазба
2 856 рет қаралды


Мемлекет басшысы әнұранды бірге шырқаған тұрғындар бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. 

Оның айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. «Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық», - дейді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін елорда тұрғындарының балконнан әнұран шырқағанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz

4 сәуір 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.