Карантин жарияланбас бұрын «АЖ» «Сарайшық» коммуналдық базарының кіреберісінде тақтаға жазылған бағаларды жариялады. Олар қалай өзгерген?
Жоғары сұрыпты ұнның бір келісі көтерме бағада 25 теңгеге, бөлшек бағада 10 теңгеге қымбаттаған. Әлеуметтік нан көтерме бағада әзірге 65 теңге, ал бөлшек бағада 75 теңге болып, 10 теңгеге қымбаттаған. Қарақұмық жармасы көтерме бағада 130 теңгеге, бөлшек бағада 100 теңгеге көтерілген. Ал сәбіз 5 теңгеге арзандапты. Басқа азық-түліктердің бағасы бұрынғыша.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ