Атырау, 22 қараша 16:04
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Экономика басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

4 510 просмотра


Облыс әкімінің өкімімен Азамат СӘЛІМБАЕВ Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Азамат Сәлімбаев 1985 жылы Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы еңбек жолын Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде бас маман лауазымынан бастаған.

Бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі, жанармай-энергетика кешенінің бюджеті және экономикалық қызметті дамыту басқармасының басшысы болған. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 сәуір 2020, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.