Атырау, 3 тамыз 22:46
 дождьВ Атырау +32.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Басқа жаңалықтар

"Кротты" қолданса қиы-ын Басқа жаңалықтар

"Кротты" қолданса қиы-ын

Өткен аптаның ішінде «Атырау су Арнасы» КМК салынып жатқан екі нысан бойынша: Бірінші учаскедегі алғашқы қондырғы - су тартатын сорғы стансасы және «Береке» ауылындағы №5 сүзгіш стансасымен журналистерді таныстыру сапарын ұйымдастырды. Екі нысанды да қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «АзияМаркет» ЖШС салып жатыр. 27 маусым 2012, 21:08 3 610 рет қаралды
Баспана тұрғызу қанша тұрады? Басқа жаңалықтар

Баспана тұрғызу қанша тұрады?

Дәл қазіргі уақыт - баспана құрылысының қызған шағы. Құрылыс материалдары бағасының қымбаттығына қарамастан, Атырауда жеке тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Айта кету керек, биыл құрылыс материалдарының бағасы 2009 жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Мәселен, 2009 жылы бір тастың бағасы – 60 теңге болса, биыл бір тасты – 120 теңгеден сатып аласыз. 27 маусым 2012, 19:35 34 643 рет қаралды
Қансорғыштардан қалай қорғанамыз? Басқа жаңалықтар

Қансорғыштардан қалай қорғанамыз?

Жергілікті дезинфекторлардың дәлелді сөздеріне қарамастан, масаға қатысты жағдай барлық жерде бірдей бақылауға алынбаған. Ағаштың көлеңкесіне келіп, сәл тынығу үшін отыра қалған кез-келген адамға қансорғыштар жаппай шабуыл жасайды. Әсіресе, масаның шаққанынан балалардың нәзік терілері зардап шегіп жатады. Шаққан жерлері ісініп, қыши бастайды. 27 маусым 2012, 19:29 7 336 рет қаралды
Газон егудің жаңа әдісі Басқа жаңалықтар

Газон егудің жаңа әдісі

Кеше, 21 маусымда әуежайға баратын жолмен жүрген қала тұрғындарын жағымды тосын сый күтіп тұрды. Қаладағы жалғыз ғана жол түйінінің әдетте күңгірт-сұрғылт боп тұратын ылдиы аяқ астынан ашық жасыл түске боялған. Тосын сыйдың авторлары - атыраулық көгалдандырушылар гидросебу әдісін Атырауда алғаш рет қолданып отыр екен. 22 маусым 2012, 14:32 5 277 рет қаралды
Вагоның жайлы ма, біліп ал! Басқа жаңалықтар

Вагоның жайлы ма, біліп ал!

Атырауға каникулға немерелерін әкелген  алматылық Тамаша Айтқожина жайсыз жағдайға тап болған. «Алматыдан жайлы пойызбен Атырауға бару үшін жүрдек қытай пойызына билет алғанбыз. Ал, біздің қолымызға ескі, лас пойыздың билетін берген болып шықты. Билетті 41-ші пойызға алғанымызбен, 29-шы пойызбен бардық. Бұл туралы бізге ешкім ештеңе ескерткен жоқ», - дейді Атырауға келген Т.Айтқожина. 20 маусым 2012, 21:49 3 095 рет қаралды
Екі дүние есігінде Басқа жаңалықтар

Екі дүние есігінде

Осыдан 10 жыл бұрын әлемдік ақпарат көздері бұрын-соңды болмаған сенсацияны: 1927 жылы өмірден озған Бурятия буддистерінің басшысы ХІІ Пандито Хамбо-лама –Даши-Доржи ИТИГЭЛОВТЫҢ бұзылмаған қалпы сақталған денесінің 75 жылдан соң қазылып алынғанын жария еткен еді.  Буриятияның діни  қайраткері денесі Бурият Республикасы астанасы Улан-Удэден 36 шақырым қашықтықтағы Иволгинск дацанында (монастырь) орналасқан. Жуырда маған оны көзбен көрудің орайы келген еді. 20 маусым 2012, 19:31 6 256 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қорғансыз жандарға қамқоршылар жауапты

Редакцияға Махамбет ауданының Сарайшық селосында орналасқан жүйке-неврологиялық науқастарға арналған интернат пациенттерінің туыстары хабарласып, науқастардың заң бойынша тиесілі зейнетақыларын ала алмай отырғандығына шағымданды. 20 маусым 2012, 19:04 3 239 рет қаралды
"Бұл жер көшеден жақсы" Басқа жаңалықтар

"Бұл жер көшеден жақсы"

Әлиев-Сатыбалдиев көпіріне таяу, Әйтеке би көшесі бойындағы кетеуі кеткен осы бір көне үй әрі-бері өткен жанның назарын аударады. Алайда оның сырт көрінісіне қарап, бұл үйде маскүнемдер немесе қаңғыбастар тұрады деп жаңсақ ойлауға болмайды. 13 маусым 2012, 22:45 5 640 рет қаралды
Қырық күн шілде алдымызда Басқа жаңалықтар

Қырық күн шілде алдымызда

«Атырау гидрометеорология орталығы» еншілес  мемлекеттік  кәсіпорны метеоболжау бөлімінің бастығы Күләйна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, маусым айының қалған күндері мен шілде ыстық болады деп күтілуде. 13 маусым 2012, 22:32 4 321 рет қаралды
Қорғау құны Басқа жаңалықтар

Қорғау құны

7 маусымда облысымызға танымал құқыққорғаушы Әсел НҰРҒАЗИЕВА Ақтауға ұша алмай қалды. Оны облыстық ІІД қызметкерлері әуежайда жібермей, сот орындаушылары департаментіне жіберді. Нұрғазиева Жаңаөзенде зардап шеккендердің: 2011 жылдың 16 желтоқсанында қаза болғандар мен жараланғандардың туыстарының заңды мүдделерін қорғаушы. 13 маусым 2012, 22:27 2 782 рет қаралды