Атырау, 25 желтоқсан 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Жалғыздың үні

2 970 просмотра

5 шілдеде сағат 11-де «Арлан» ҮЕҰ жетекшісі Макс БОҚАЕВ ҰҚКД ғимараты алдына жалғыз өзі пикетке шығып, Жаңаөзендегі бірқатар мұнайшылар мен оппозиционерлерді ҰҚК тарапынан қудалауды тоқтатуды талап етті.

«Репрессия тоқтатылсын! Роза ТӨЛЕТАЕВА, Серік САПАРҒАЛИ, Ақжанат ӘМИНОВ, Жанболат МАМАЙ, Арон АТАБЕК» деген жазуы бар плакат ұстаған Боқаев ҰҚКД ғимаратының алдында жарты сағаттай тұрды. Содан соң ол ҰҚК басшысы Нұртай ӘБІҚАЕВҚА  және  облыстық департамент басшысы Нұржан ЖІГІТЕКОВКЕ хат жолдау үшін департамент ғимаратына кірді. Хатында тұтқындалған  Владимир КОЗЛОВ, Серік Сапарғали және Жанболат Мамаймен кездесуге рұқсат  сұраған.

Бір сағаттай уақыттан соң сыртқа шыққан М. Боқаев өзінен ҰҚКД қызметкерінің хатты қабылдағанын, бірақ не үшін Маңғыстау ҰҚКД-не емес, мұнде келгенін таң қала сұрағанын айтты.

Естеріңізге салсақ, Жаңаөзен оқиғасы кезінде әлеуметтік алауыздық туғызды деп айыпталғандардың бірі театр режиссеры Болат АТАБАЕВ таяу күндері босатылды. М. Боқаевтың айтуынша, баспасөз конференциясында танымал  кинематографист Ермек ТҰРСЫНОВ басқа саяси тұтқындарды босату үшін ҰҚК басшылығына хабарласуға кеңес берген екен:

– Оның кеңесі бойынша мен ҚР ҰҚК басшысынан жолдастарыммен көрісуге рұқсат етуді сұраймын.

Оппозиционерлер Владимир Козлов, Серік Сапарғали, Жанболат Мамайға және қоғам белсенділерінің бірі Ақжанат Әминовке әлеуметтік араздықты қоздырды деген айыптан басқа, қазіргі билікті заңсыз ауыстыруға шақырды деген де кінә жүктеліп отыр.

Сәния ТОЙКЕН

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 шілде 2012, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.