Атырау, 25 желтоқсан 19:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Қауіпті электр бағаны

3 771 просмотра

Қаладағы Доссорский өткелінің тұрғындары редакциямызға осы өткелдің ортасынан тартылған жоғары қуатты электр тарату желісінің өмірлеріне қауіп төндіріп тұрғанын хабарлады. Олар жаңбыр жауғанда электр бағанының төбесінде от лапылдап жанып, зәрені алатынын айтады.

- Қазір өзіңіз де көріп тұрғандай, мына желінің бір жағы төмен салбырап тұр. Жақында «Атырау-Жарық» мамандары бір төрт тағанды бағанның түбін қазып, көмбей кетті. Қарасақ, асты шіріп жатыр екен. Бұл да бір күні Амандосов көшесіндегідей құлайды. Әзірге Құдай сақтап отыр. Балалар сол бағанның түбіне барып қызықтап ойнайды. Қанша қусақ та,  қазылған жерге кіруге құмар. Балаларымыз токқа тартылып қала ма деп қорқамыз, -дейді Доссорский өткелі тұрғыны М. Абдешова 

 «Атырау-Жарық» АҚ Атырау қалалық жүйелері мекемесінің бастығы Ғабиден ҚАНАТОВ Доссорский өткелін-дегі желінің электр тарату қуатының өлшемі - 35 кВ екенін айтады. Ал баған түбін қазу жұмыстары расында жыл сайын жүргізіледі екен.

- Жыл сайын бағанның түбін қазып, изоляция жасаймыз ғой. Бетонды тексеріп, темірлерін сынақтан өткіземіз, - дейдіҒ.Қанатов.

Аталмыш мекеменіңбас инженері Қуат СИСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, жоғары қуатты электр тарату желісінің қорғау аймағының арақашықтығы ҚР электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес, жоғары қуатты электр тарату желісінің қорғау аймағы 15 метрден кем болмауға тиіс. Себебі, аталмыш желінің электр бағаны биіктігі әдетте 16 метр болса, ол 2 метр тереңдікте қазылған жерге бекітіледі. Сонда қалған 14 метр биіктіктегі баған жерге құлаған жағдайда қауіпсіздік үшін айналасында 15 метр жақын тұрған ештеңе болмауы керек.

Мұндағы алғашқы үйлер жоғары қуатты баған салынғанға дейін, 60-шы жылдары пайда болған еді. Кейін жаңа құрылыс бой көтеріп, әлгі баған қауіп көзіне айналды. Сондықтан басты сұрақ жер телімдерінің бөлінуімен байланысты болса керек.

Ал Қ.Сисенғалиев Доссорский өткеліндегі тұрғындар айтқан жайттың орын алуы мүмкін емес дейді:

- Аумақта тұйықталу болса, изоляция бақылау құрылғысы арқылы бізге белгі берілер еді. Ондай кезде біз нысанды барып тексереміз.

Доссорский өткелінің тұрғындары болса, «Атырау-Жарық» АҚ мекемесінің үстінен сотқа және прокуратураға шағымданғалы отыр.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

11 шілде 2012, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.