Атырау, 25 желтоқсан 19:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Әжей мұң шақты

3 373 просмотра

Индер ауданы Аққала селосының тумасы, 73 жастағы Салиха ХАСАНОВАМЕН (суретте) аудандық прокуратураның кеңсесінде кездестім.

Баспанасыз тентіреп жүрген ол аудандық әкімдікке қайта-қайта барғанымен әкіммен кездесе алмағаны жөнінде мұң шақты.

- Әкіммен кездестірмей қойды. Енді заң орындарынан көмек күтіп жүрмін, - дейді әжей.

Салиха әженің отбасы 4 баласы мен күйеуі бәрі де марқұм болған. Кейін Қызылқоғадағы қайын жұртына барғанымен, туғандарымен тұра алмапты. 2009 жылы аудандық әкімдік баспанасыз тентіреп жүрген әжейге жатақханадан уақытша бөлме алып береді. Қырсыққанда бір жылдан кейін жатақхана өртеніп, үйсіз қалғандарға 6 айдан кейін баспана тауып берген. Қаржының жетпестігінен бе, аудан орталығында тұратындар ауылдардан бөлінген үйлерге орналастырылған. Салиха әжейге Есбол селосына баруға тура келген.

-Жылуы қалыпты болмағандықтан мен қатты ауырдым. Ақыры болмағасын бір бөлмелі үйді тастап, туыстарымды жағалап, Индербор поселкесіне қайтып келдім. 2011 жылдың күзінен бері осындамын. Бірақ балалы, шағалы туыстармен тұру оңай болмады. Енді сарайды 6 мың теңгеге жалдап отырмын. Алатын зейнетақым 25 мың теңге. Мен қарттар үйіне бармаймын, елдің ортасында болғым келеді. Маған баспана тауып берсе болды, уақытша болса да, - дейді ол.

-Салиха әжей бұл жерді жерсінбеді, ауырды. Биыл күн қатты суық болды ғой, бірақ жылу барып тұр. Келем десе бөлмесі бос, - дейді Есбол селосы округінің әкімі Ерлан ҚАЛИЕВ.

Әне аяғын зорға басып Салиха әжей кетіп барады. Енді бұл мәселемен аудандық прокуратура айналыспақшы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 шілде 2012, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.