Атырау, 25 желтоқсан 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Терезеден құлағандарды періштесі қақты

1 912 просмотра

Жазғы каникул басталғалы бері облыстық балалар ауруханасына түрлі зақым және жарақат  алған балалар көптеп түсе бастады. Өкінішке қарай, балалар мен олардың ата-аналарының бейқамдығының арты кейде сан соқтырып жатады.

– Жыл басынан бері бізге түрлі жарақатпен  3 939 бала түсті, оның 144- жол-көлік оқиғаларынан болған, - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері  Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ. – Балалардың көпшілігі тұрмыстық жарақатқа ұшырағандар: кесіп кеткен, түрлі жарақаттар алған, буындары шыққан немесе сынғандары бар. Балалар велосипедтен, диваннан, үстелден құлап жатады.

Оның ішінде ең қорқыныштысы үлкен биіктіктерден құлап кету. Жақында 6 жастағы ер бала 5-ші қабаттан құлады.Құдайға шүкір,  бала аман қалды, бірақ ол бас-сүйек миының қатаң жарақатын алды, бір апта бойына ауыр халде аурухананың жасақтау бөлімінде, кейін ұзақ уақыт ем алды. Дәрігерлер оған әлі де денсаулығын қалыптастыру үшін емделу керектігін және неврологтың бақылауында одан әрі оңалту курстарынан өту керектігін айтады. Жыл басынан бері терезеден 18 бала құлап кеткен, олардың ішінде қайтыс болғандары жоқ. Өткен жылы мұндай жағдайлар аз болды, барлығы -14, оның үшеуі көз жұмған-ды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 шілде 2012, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.