Атырау, 25 желтоқсан 18:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Село жаңалықтары

1 766 просмотра

Сәбилер өлімі тоқтар емес

Мақат ауданында бір жасқа дейінгі сәбилер өлімі азаймай тұр. Жыл басынан бері 8 сәби облыстық перзентханада шетінеген.

Мәселен,2012 жылдың 5 айында жасқа толмаған 8 сәби. Ал 2011 жылы 4 сәби аудандық, 4 сәби облыстық перзентханада шетінеп кеткен болатын. Жүкті аналардың арасында перинотальды кезеңдегі аурулар мен қан тамыры сырқаты бәсеңдемей отыр. Дәрігерлердің мәлімдеуінше оған себеп жүкті әйелдер денсаулығына салғырт қарап, УЗИ-ға уақтылы түспейтін көрінеді.

 

Алаяқ құрықталды

Индер ауданы Елтай селосындағы М.Сиранов мектебіне УАЗ автомашинасын алып берем деп 2 жылдан бері жер соқтырып кеткен алаяқ құрықталды.

Веб-портал арқылы М.Сиранов мектебіне УАЗ автомашинасын алып беру жеңісіне ие болған А. К.1 млн теңгені қалтасына басқаннан кейін хабарсыз кетеді. Алматыда  отырып тендер ұтқан бизнесменнің кейін мекен-жайын ешкім ілмей дал болады. Мектеп директоры оны сотқа беріп, іздеу жарияланған болатын. Сөйтсе әлгі Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы мекемелерді зар жылатқан көрінеді. Алаяқтықпен шұғылданған кәсіпкерге жазаны енді сот береді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 шілде 2012, 18:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.