Атырау, 16 сәуір 20:05
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Шабақтар санақтан өтті

4 078 просмотра

Жайық өзеніндегі шабақтарға жүргізілген мониторинг маусым айында жыртқыш балықтарға қарағанда олардың қарапайым түрлерінің басымдылығын анықтады. Бұл туралы «Балық шаруашылығының Қазақ  ҒЗИ» ЖШС облыстық филиалының ғылыми-хатшысы Елена БОКОВА хабарлады.

Ихтиологтардың пікірінше, уылдырық шашу кезеңі толығымен сәтті өткен. Зерттеу өзеннің жоғарғы сағаларындағы уылдырық шашатын жерден төмен ағыспен аққан шабақтардың көптігін көрсетті. Шабақтардың ағыспен қозғалысы шілденің аяғына дейін  жалғасады. Бастысы – оларға  өзен кемелерінен қауіп төнбесе болғаны. 

Өзеннің төменгі сағасына жүргізілген мониторинг 9 түрлі қара балық шабақтарының бар екендігін көрсетті. Есепке алу 5 минуттық тралды торды пайдалану әдісімен маусымның 1-нен 30-на дейін жүргізілді. Барлығы 2 474 шабақ ауланды: 1 689 ақкөз, 305 табан,  252 қаракөз, 222 көксерке, 2 сыла, 1 қылыш балық, 1 берш балығы, 1 алабұға және  1 жайын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 шілде 2012, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.