Атырау, 24 қараша 15:56
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Водовоз үйге соғылды

2 329 просмотра

Өткен жексенбі күні, 8 шілдеде Әуезов көшесіндегі №1 үйге автоцистерна-водовоз кіріп кетті. Бағына қарай, құрбан болғандар жоқ. Алайда сәулет ескерткіштерінің тізіліміне кіретін үй әжептәуір жапа шегіп, тіпті екінші қабаттағы балконды тіреп тұрған колонналардың бірі құлап қалды.

Есімін атағысы келмеген автоцистерна жүргізушісінің айтуынша, мынадай жағдай орын алған:

- Көпірге көтеріле бергенде кенет машинам өшіп қалды да, тежегіш істен шықты. Бір кезде көпірден сырғанап түсе бастадым. Содан соң машиналарға соқтығыспас үшін рөлді үйге қарай бұруға мәжбүр болдым. Мен кінәлі емеспін.

- Үй 43-жылы салынған. Жилгородок пен Авангардты жалғап тұратын көпір салынғаннан кейін, бүкіл пәтердің қабырғаларында сызаттар пайда болды. Қозғалыс, шу, үнемі орын алатын апаттардың салдарынан өмір сүру мүмкін болмай кетті. Ал енді мынау... – деп шағымданады тұрғындар.

- Біз енді балконға шығуға қорқамыз. Екінші колонна жарылып кетті, ол балконды қаншалықты ұзақ ұстап тұратынын білмейміз. Егер ол құласа, адамдар зардап шегуі мүмкін, - дейді №8 пәтердің тұрғындары.

Үйдің бірінші қабатында орналасқан кафе қожайынының водовоз тиесілі ЖК-ны сотқа беру ойында жоқ.

- Бұл проблеманы бейбіт жолмен шешеміз деп ойлаймын, - дейді ол.– Жұмысшылар колонналарды қалпына келті-руге кірісті.

Көршілер болса алған беттерінен қайтар емес.

- Қалай қалпына келтірмек? Бізге кафенің декорациясы емес, сапалы тіреуіш керек. Жеке кәсіпкерді сотқа береміз, - дейді олар.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

9 шілде 2012, 18:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.