Атырау, 12 қараша 07:12
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Қысылмай сөйлей бер

1 902 просмотра

Лингвистикалық «ALCC» орталығында облыстық әкімдіктің қолдауымен қазақ тілін үйрететін тегін курстар қайта басталды.  Бұл жерде жасы мен ұлтына қарамастан барлық ниет білдірушілер оқи алады.

Облыстық әкімдіктің қаржылық қолдауымен мемлекеттік тілді оқытатын алғашқы қысқа мерзімді курстар орталықта өткен жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде 900-ден астам тыңдаушы курстан өткен.

– Курстар қала тұрғындарының үлкен сұранысына ие болды, сондықтан биыл да бұл жұмыстар жалғасын тапты, - дейді «ALCC» лингвистикалық орталығының директоры Людмила ЛИ. – Қазір бізде екі жүзден астам адам оқып жатыр.

Сабақ  «ALCC»  орталығының екі оқу кеңсесінде, сондай-ақ №3, 20 және 24 орта мектептерде өткізілуде. Үш балабақшадан оқу нүктелерін ашу жоспарланған.

Біліміне байланысты тыңдаушыларға үш оқу деңгейі ұсынылады. Ең кішкентай тыңдармандар үшін сабақ қызықты ойын түрінде өткізіледі. Курстардың басты мақсаты – тыңдармандарды қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету. Мемлекеттік тілді тегін оқығысы келетіндер 27-67-69, 32-12-86 және 30-71-17 телефондарына хабарласа алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

11 шілде 2012, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.