Атырау, 25 желтоқсан 12:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Автобуста абай бол!

7 525 просмотра

Саша Денисовтың суретіАтырауда қалта ұрлығының саны жылдан жылға артып келеді. Осы қалта ұрыларын ұстаумен айналысатын қалалық ІІБ-ның жедел-іздестіру тобы ешқашан  жұмыссыз қалып көрген емес.

 

ҰРЫЛАРДЫҢ АЙЛАСЫ

–Көбіне қалта ұрыларының қармағына  сауда орталықтары мен базарларға келушілер ілініп қап жатады. Алайда, іс жүзінде тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ұрлықтың төрттен үші лық толған автобустарда жасалады, - дейді қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ.  –Бұл жағдайда №№14, 2, 12, 7 маршруттар ең қауіпті деп есептеледі. Біздің жедел-іздестіру тобымыз осы маршруттарда және басқа да бағыттағы автобустарда күн сайын жұмыс жасайды. Әдеттегідей ұрылар жұптасып немесе топпен жұмыс жасайды. Біреуі алаңдатса, екіншісі ақшаны немесе бағалы затты жымқырып үлгеріп, үшіншісіне жолдайды. Кейде олар өздері таңдап алған жемтіктерін айналдыру үшін әдейі әрекеттерге барады. Әдетте біреуі сөзге тартып, әңгімелесіп тұрған кезде, екіншісі сөмкені «айналдыра» бастайды. Автобустарда күтпеген жерден тежегіш басылып, адамдар бір-біріне соқтығыса жаздаған сәтті қалтақағарлар  тиімді пайдалана біледі. Шалбардың  артқы қалтасындағы  ұялы телефонды немесе әмиянды суырып алу үшін бірнеше секундтар ғана жеткілікті. Оның үстіне шеберлігі тағы бар. Көп жағдайда қалтақағардың қармағына  іліккен жандар ештеңені аңғармай қалады, артынан опық  жеп жатады.

Зардап шегушілердің көпшілігі әйелдер қауымы:

– Олар ерлерге қарағанда қорғансыз, аңғалдау болып келеді, қай нәрсеге болсын тез алданып қалады.

Қалта ұрлықтары ҚР ҚК 175-бабы 1-тармағына («Бөтен мүлікті жасырын ұрлау») бойынша айыпталады, 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасын алады. Алайда, қылмыскердің кінәсін дәлелдеу қиынға түседі және заттай айғақтарды тәркілеу де мүмкін емес («Кездесу орнын өзгертуге болмайды» кинофильміндегі Кирпичті еске түсіріңіз). Ұрланған әмияндардан ақшаны алады да, әмиянды лақтырып тастайды, ұялы телефондарды  бірден  арзанға сатып жібереді. Соған қарамастан полицейлерге жыл басынан бері жасалған 90 ұрлықтың жартысына жуығын ашуға мүмкіндік туды. 

 

ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

Қалтақағарлармен күресте қажет болатын бірнеше кеңестерге құлақ түріңіз:

– Мүмкіндігіне қарай адамдар көп мінген автобустарға отырмауға тырысыңыз. Егер кездейсоқ тап болып қалсаңыз шалбарыңыздың артқы қалтасына ұялы телефон мен әмияныңызды салмағаныңыз жөн. Бұл қалтақағардың «олжалы» орны болмақ, одан да ішкі қалтаға салғаныңыз дұрыс. Ал, барлық ақшаңыз бен бағалы заттарыңыз сөмкеңізде болса, онда сөмкеңізді көзден бір секундта таса қылмаңыз.  

-Егер мен өзімнің ұялы телефонымды біреудің суырып алғанын сезіп қойсам немесе әлдекімнің қалта ұрысының құрбанына айналғандығын байқап қалған болсам не істеуім керек?

-Сабыр сақтаңыз. Автобус жүргізуші-сінен автобусты тоқтатып, полиция келгенше есікті ашпауын сұраңыз. Жолаушылардың бірінен 102 кезекшілік бөліміне немесе ұялы телефонынан 112 нөміріне қоңырау шалуын өтініңіз.

Қалта ұрыларын ұстауға маманданған жедел-іздестіру тобында 9 адам жұмыс жасайды. Олардың жұмыс уақыты  негізінен автобустарда өтеді. Өкінішке қарай, тасымалдаушылардың бәрі бірдей оларға қолдау танытпайды.

– Мәселен, біз жолаушылар үшін арнайы хабарландырулар дайындап, оларды ешқандай кедергісіз «БатысТранспортСИМ» ЖШС автобустарында жапсыра бастадық. Ал, басқа қалған тасымалдаушылар бізден жарнама ретінде ақы төлеуімізді сұрады. Тек «Батыс ТранспортСИМ»  ЖШС ғана бүгінгі күні біздің жедел топ қызметкерлеріне жол жүру билеттерін берді. Қалта ұрыларының көпшілігін бес саусақтай білетін кондукторлар бізге көмектесуден қашады, - дейді М.Тағаниязов. – Бұдан басқа,  біз тасымалдаушыларға салондарда бейне тіркеуші құралдарды орнатуға ұсыныс жасадық. Олар аса қымбат тұрмайды, ал, пайдасы зор. Салонда бейне камера барын біле тұра  қалта ұрысы көзсіз батырлыққа бара қоймасы анық. Жолаушылар тасымалымен айналысушы компаниялар біздің бұл ұсынысымызға қолдау танытады деген үмітіміз бар. Өйткені, олар да өз жолаушыларының қауіпсіздігі үшін алаңдауы тиіс қой.

 

ОЛАРҒА ТҮНГІ АТЫРАУДЫҢ КЕРЕГІ НЕ?

Полицейлердің айтуынша, шетелдік азаматтар қалта ұрыларының тұзағына сирек түседі екен. Олар қоғамдық көліктерде жүрмейді және  барлық керек-жарағын базардан емес дүкендерден сатып алады. Ал, көшелерде түнгі тонау әрекеттері кездесіп тұрады.

– Шетелдіктер өз қауіпсіз-дігін ойламаған себепті ұрыларға ұшырасып қалады. Көңіл көтеретін орындардан жұқалап  шыққан олар бірден үйлеріне тып-тыныш қайтудың орнына одан әрі серуендеуді жөн көреді, - дейді М.Тағаниязов.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 шілде 2012, 22:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.