Атырау, 25 желтоқсан 19:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Серуендеген сотталушы

1 891 просмотра

Қызметтік автокөліктерді жеке мақсатқа қолданатын жүргізушілерді анықтау бойынша жүргізілген рейд кезінде жол полициясының қызметкерлері  УГ-157/9 колониясының қызметтік машинасымен кешкі уақытта көшеде жүрген УГ-157/10  қоныстану-колониясының  сотталушысын ұстаған.

Оның қолында автокөліктің техникалық төлқұжаты және өзінің жеке басын куәландыратын анықтама болды. Жол құжаты болған жоқ. Жедел хабарламадан соң ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі Артур ИМАНОВ келді.

– ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 125-бабына сәйкес, қоныстану колонияларында сотталғандар ешқандай күзетсіз жүреді, колония аумағы бойынша еркін қозғалу құқығына ие, әкімішіліктің рұқсатымен қадағалаусыз қала шеңберінде де жүре алады. Бізде түрлі аймақтан келген 104 адам жазасын өтеп жатыр. Олардың барлығы да қалада негізінен жұмысшы болып  жұмыс жасайды. Бұл сотталушы УГ-157/9 жалпы режимдегі колония бастығы Ерлан  БАЙМЕНОВКЕ бекітілген арнаулы мекемеавтокөлігінің жүргізушісі болып табылады, -дейді қоныстану колониясының бастығы Ренат МЕҢДІҒАЛИЕВ.

Оның айтуынша, сол күні сотталушы бастығын үйіне апарып, колонияға қайтып бара жатқан. Айта кетейік, ол кезде сағат тілі 22.30-ды көрсетіп тұрды. Оның қолында тек көліктің ғана құжаты және өзін куәландыратын колония берген анықтама ғана болды. Жүргізушілік куәлігі мен басқа да жеке басына қатысты құжаттар мекеменің арнаулы бөлімінде сақтаулы. Жол құжатын ол колонияда ұмыт қалдырған болып шықты.

Сотталушы колонияға неліктен кеш қайтып барады? Бұл сауалға жауап беруге тырысқан Р.Меңдіғалиевтің айтуынша, ешқандай шектеу қойылмаған, тек колония бастығы кезекшіге көлікті кері жіберілгенін телефон арқылы хабарлайды. Қоныстану-колониясының бастығы сотталушы-жүргізуші туралы мәліметті  құлықсыз берді: түрмеде 3,5 жыл  отырды, бұл оның жазасын өтеу мерзімінің жартысы және ол енді жақыннан бастап шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы керек. Р.Меңдіғалиевке оның қандай баппен отырғандығын айту қиындық туғызды.

- Не үшін сотталғаны дәл есімде жоқ. Бізде негізінен  байқаусызда қылмысқа  барғандар жазасын өтейді немесе қасақана қылмыс жасағаны үшін бірінші рет сотталып отырғандар бір жыл мерзімге дейін отырады. Жалпы және қатаң режимдегі колониялардан бізге жақсы мінездемеге ие түзелу жолына түскен сотталушылар ауыстырылады. Сотталушыны жеңіл режимдегі колонияға ауыстыру мәселесін сот шешеді, - деді ол.

ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Хандарбек БАХТЫГЕРЕЕВ заң бұзушылықтар жіберілгенін мойындады:

Іс тергеуден кейін әкімшілік сотқа жолданды. Сотталушы әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 шілде 2012, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.