Атырау, 4 тамыз 18:19
 дождьВ Атырау +35.6
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

«Бастысы, жер астынан шықтық» Басқа жаңалықтар

«Бастысы, жер астынан шықтық»

Қайта жаңғырту жүргізіліп жатқан «Атырау – Ганюшкино темір жол өткелі учаскесі» учаскесінің көптен күткен ашылу күні жақындаған сайын билік пен тапсырыс беруші арасында келіспеушіліктер көбейіп бара жатыр: мердігер ҚТЖ ҰК жолөткел арқылы қозғалысты кесте бойынша (30 қараша) бастаймыз десе, облыстық әкімдік 25 қарашада, ал қалалық әкімдік 10 қарашада ашуды талап етіп отыр. 31 қазан 2013, 00:00 2 612 рет қаралды
Үй тапсырылмаса да, қоныстанып алған Басқа жаңалықтар

Үй тапсырылмаса да, қоныстанып алған

28 қазанда «СтройГрупп ЛТД» ЖШС-нің бос тұрған кеңсесі алдына Жарбосынов көшесіндегі 71-үйдің үлескерлері жиналды. Олар, міне, алты жылдан бері өз пәтерлеріне қашан көшетіндерін білмей, дал болып күтіп жүр. Үлескерлер жабық есікті қағып әуре болмады, кеңсе бір жылдай бос тұрғанын бәрі біледі. 31 қазан 2013, 00:00 4 552 рет қаралды
Бес түрлі жағдай Басқа жаңалықтар

Бес түрлі жағдай

Жылу батарейінің секциясына кіріп кеткен қолды қалай шығарып алуға болады? Ішіп келген күйеуін үйге кіргізгісі келмеген ашу үстіндегі әйелді қалай көндіруге болады? Егер қызу өлшегіш сынып қалса, не істеу керек? Өз-өзіне қол жұмсамақ болған жан балконнан секірмес үшін оны қалай тоқтатуға болады? Ағаш басында үш күн бойына мияулап тұрған мысықты қалай түсіреміз? Осы сұрақтардың барлығына жауапты Атырау облысы бойынша Өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жақсы біледі. Жақында жігіттер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Құтқарушылар соңғы бір-екі айда орын алған бірнеше хикаяны айтып берген еді. 31 қазан 2013, 00:00 3 113 рет қаралды
БЖЗҚ: процесс басталды Басқа жаңалықтар

БЖЗҚ: процесс басталды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру туралы әңгімелер сөзден іске көшкен. Жақында «БЖЗҚ» АҚ құру процедурасы аяқталды. Осы жерге бүкіл жеке зейнетақы қорларындағы салымшылардың зейнетақы жинақтары құйылуы тиіс. Мұның қалай болатынын «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Вячеслав ЖҰМЫРОВ әңгімелеп берді. 31 қазан 2013, 00:00 3 612 рет қаралды
Арыстан қайдан шықты? Басқа жаңалықтар

Арыстан қайдан шықты?

Владимир көшесі бойындағы жеке стоматология кабинеттері бірінің иесі кіру есігіне көтерілетін пандус үшін осындай ерекше дизайнерлік шешім қабылдапты. Пандустың жіңішкелігі, көтерілу биіктігінің тіктігі, кәнігі виртуоз арбашыға да қиындық әкелетін 90 градустық бұрылыс та маңызды емес. Ең маңыздысы – пандустың ортасына паңдана жайғасқан арыстан. Алайда, аң патшасы әлденеге мұңаюда... 31 қазан 2013, 00:00 2 212 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Жаңасу бұрқақтары

«Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және оқшаулау» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Атыраугидрогеология» ЖШС Жаңасу шатқалы телімінде  өздігінен төгіліп жатқан 16 ұңғыманы анықтады. 31 қазан 2013, 00:00 2 402 рет қаралды
Қашаған: кейінге шегерулер мен отставкаға кету Басқа жаңалықтар

Қашаған: кейінге шегерулер мен отставкаға кету

Қашаған жобасын тағы да кейінге шегеру қаупі төніп тұр. Бірақ бұл жолы теңіз бен құрлықтағы кешенді жалғастырып тұрған тұрба құбырларындағы ақаулар салдарынан. Тұрба құбырына қатысты проблеманың әжептәуір салмақтырақ екендігі NCOC-тің таяудағы мәлімдемесінен белгілі болды. 30 қазан 2013, 11:24 1 995 рет қаралды
Шатыр жұлынып кетті (толықтырылды) Басқа жаңалықтар

Шатыр жұлынып кетті (толықтырылды)

Үстіміздегі жылы 19 қазанда Мақат ауданының Бәйгетөбе ауылындағы орта мектептің шатырының бір бөлігін жел жұлып кетті. Бұл оқиға оқу күні нағыз қызған шақта орын алған, бағына қарай, зардап шегушілер жоқ. 28 қазан 2013, 12:57 2 465 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, онлайн-конференция!

2013 жылдың 31 қазанында (бейсенбі) сағат 15-тен 16-ға дейін «Ақ Жайық» газетінің редакциясында Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Еркінбек ШОХАЕВТЫҢ қатысуымен интернет-конференция өтеді. 10 қазан 2013, 19:59 1 863 рет қаралды
Астыртын әрекеті іске аспады Басқа жаңалықтар

Астыртын әрекеті іске аспады

Жайық өзенінің су қорғау белдеуіне мейманхана мен мейрамхана салу жоспарланыпты. Анықталғандай, бір жыл бұрын «ҚазМұнайСервис» ЖШС-не басшылық еткен Үндістан азаматы қаладан осы жер телімін (1 439 шаршы метр) үш миллион теңгеге сатып алған екен. 25 қазан 2013, 12:43 3 582 рет қаралды
Атырауға 20 жаяу жүргінші көпірі салынады Басқа жаңалықтар

Атырауға 20 жаяу жүргінші көпірі салынады

Облыстық әкімдікте жол-көлік оқиғаларының көбею проблемасына қатысты өткен кеңесте қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ таяу уақытта Атырауға Абай алаңындағы «Мэриотт» отелінің маңындағы көпір секілді көлік көп қозғалатын көшелер арқылы өтетін 20 жаяу жүргінші көпірі салынатынын хабарлады. Осы жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын жасау басталды. 25 қазан 2013, 13:00 5 987 рет қаралды
«Тұлпар-Тальго» күнара жүреді Басқа жаңалықтар

«Тұлпар-Тальго» күнара жүреді

Кеше, 24 қазанда Астана вокзалының перронынан «Астана - Атырау» бағытында қатынайтын №19/20 «Атырау» жүйрік пойызының екінші құрамы жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. 25 қазан 2013, 09:53 3 108 рет қаралды
Әскери борышын өтеу кезінде қаза болды Басқа жаңалықтар

Әскери борышын өтеу кезінде қаза болды

Бүгін, 24 қазан күні Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында әскери қызметін өтеп жүрген 19 жасар шекарашылар әскерінің қатардағы сарбазы Жасұлан НАСРЕДИНОВТЫ жерлеу рәсімі өтті. 24 қазан 2013, 13:32 8 245 рет қаралды