Ақберен батыр Махамбеттің үзеңгілес досы - батыр Исатай ТАЙМАНҰЛЫНЫҢ зираты көпке дейін елеусіз жатқан болатын.
Қазір Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы «Шейітсай» жеріндегі зиратта тек белгі тұр, ал сырты қоршалмаған. Жуырда Исатай ауданынан құрылған делегация батырдың басына барып тәу етіп, ақтөбеліктермен меморандумға қол қойып келді. Меморандум мақсаты - батыр жерленген жерге кесене қою. Ақтөбеліктер мен жерлестері бірлесіп, арнайы ашылған қор арқылы қаржы жинауға кірісті.
- Бұл шара үшін аудандағы мекемелер қызметкерлері бір күндік ақыларын аударуға тілек білдірді. Мұнай кәсіпорындары да бұл шарадан шет қалмай, демеушілік танытпақ ниетте, - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА