Атырау, 26 қараша 10:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қоқыс үстіндегі әуе шайқасы

2 616 просмотра

Атыраудағы қоқыс төгу орындарына шағалалар қоныс теуіпті. Қалалықтар осы ақ қанатты теңіз құстарының қоқыс контейнерлері орналасқан алаңқайларды басып алып, ол жерден басқа қанаттыларды, әсіресе, жергілікті әжейлер бұрын үнемі жем шашып, қоректендіріп тұратын көгершіндерді аяусыз қуып жатыр деген әңгімелерді жиі айтатын болды.

Құстардың бұл топ болып шоғырлануын Авангардтағы «Мерей» базарынан түсіріп алдық – бір қарағанда бұл жер кеме айлағына ұқсайды.

Бұл мәселе бойынша біз Атырау облыстық обаға қарсы станциясының аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және эпизоотология зертханасының меңгерушісі Федор САРАЕВТАН кеңес алуды жөн көрдік:

- Иә, қалада шынымен де шағалалар көбейіп кетті. Бұны құстардың тамақ іздеу жолында адамдарға қарай жақындап, тіршілік етудің жаңа тәсілдерін игерулерімен байланыстыруға болады. Шағалалар тамақ талғамайды, оларды қоқыс құстары деп те атауы тегін емес шығар, олар шіріктен жиіркенбейді.

Бұл басқа құстардың біздің облысымыз арқылы жылы жаққа көшетініне де байланысты болуы мүмкін. Біздің үстімізден Каспийдің оңтүстігіне және әрі қарай құстардың көптеген түрлері – самырқұс, дала қырандары, қиқылдақ аққулар, көбіне балшықшылар ұшып өтеді. Олардың барлығы да қоректенуі керек, сондықтан да олар «жергілікті» құстарға бәсекелес болады. Бұл уақытша құбылыс деп ойлаймын. Құстар миграциясы маусымы аяқталғаннан кейін шағалалар кері қалалық қоқыс лақтыру орнына немесе өздеріне керек басқа бағыттарға қарай кетеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

12 қараша 2013, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.