Атырау, 26 қараша 12:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көпір тербеліп тұр

3 953 просмотра

Коммерсанттарға бұрын тым-тырыс жатқан ауданның инфрақұрылымдық өзгерісі өте қолайлы болып кетті. Контейнерный ықшам ауданы жақта көпір астындағы жерде жайма базардың саудасы қызып тұр. Коммерсанттарға бұрын тым-тырыс жатқан ауданның инфрақұрылымдық өзгерісі өте қолайлы болып кетті. Контейнерный ықшам ауданы жақта көпір астындағы жерде жайма базардың саудасы қызып тұр. «Сіздің газеттеріңіз арқылы біздің шенеуніктерге бүгінгі таңдағы ең басты сұрақты қойғым келіп отыр. Атырау – Доссор тас жолындағы теміржол өткелі мен тас жолды жауып тастады. Адамдар «Контейнерный - Вокзал» жаяу жүргіншілер көпірі арқылы өтетін болды. Бұл көпірдің салынғанына 30 жылдан асты. Бұрын ол жерде жаяу жүргіншілер ағымы өте аз болатын, ал қазір ол 20 еседей көбейді. Соның әсерінен 2 айдың ішінде көпір бұзыла бастады. Теміржол қызметкерлері (бұл солардың көпірлері) бетон баспалдақтардың «тесіктерін жамауға» үлгермей жатыр. Сөйтіп оларды қалыңдығы 50 мм тақтайлармен ауыстыруда. Контейнерный беттегі баспалдақтың жоғарғы бөлігі жаяу жүргіншілер көп өткен кезде теңселе бастады. Осындай шайқалу кезінде «көзбен» шамалап, қарқынды теңселу амплитудасы 5-7 см-ден кем еместігін байқадым. Осы қалыпты жағдай ма? Көпірден әрі қарай жүрсек, вокзал жақ беттегі баспалдаққа жете бергенде көпірдің өзінің (дәлірек айтқанда, оның плиталарының) теңселетіні сезіледі. Вокзал жақ беттегі баспалдақтың тербелісі сәл аздау, бірақ таянышы солқылдап тұр. Теңселіп тұрған таяныштан ұстап, төмен түсуге қорқып тұрған қарияны өз көзіммен көріп, оған көмектестік. Міне, кеше ғана көпір өзінің алғашқы ескертуін жасады: Контейнерный жақ беттегі баспалдақтың төменгі 5-ші басқышы (металл каркаспен бірге) сынып кетті де, салбырап қалды. Ал егер ол 55-ші басқыш болса ше? Егер оның бойымен әр басқышты екі аяқтап басып тұрып түсетін қариялар немесе балалар өтіп бара жатқан болса ше? Олар дені сау жастар секілді тез қимылдай алмайды, оның үстіне жастар да мұндай сұмдықты күтпес еді. Осыған орай мынадай сұрақ туындайды:

1. Жаяу жүргінші көпірі қандай өту ағымына есептелген?

2. Көпірге ұдайы мониторинг жүргізіп отыратын кім (келіп, қарап, тесігін жамап емес, қажетті өлшемдер мен есептеулер жүргізетіндер)?

3. Мұның бәрі қашан бітеді?

4. Көпір толықтай немесе ішінара күйреген жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін кім жауапты болады?»

Оқырман хатынан

«Хатта айтылған жаяу жүргіншілер көпірі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ҰК-ның Атырау тасымалдау бөлімшесінің құзырында. Көпірді қауіпсіз пайдаланумен қамтамасыз ету және осыған байланысты шаралар осы компанияның құрылымдық бөлімшесі қызметінің бағыттарының бірі боп табылады», - деп комментарий берді қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.

ҚТЖ жергілікті кеңсесіндегілер бұл олардың баланстық меншігі екенін растады. Көпірге УПЧ (ірілендірілген Атырау жол дистанциясы) қызмет көрсетеді екен. Оқырман сұрағынабас инженер Бауыржан СИСЕНОВ жауап берді:

– Жаяу жүргінші көпірі тәулігіне 8 000 адам өткізуге арналған. 2013 жылдың жазына дейін де, жол өткелін жөндеуге байланысты қазір де көбейген жаяу жүргіншілер ағымының мұндай салмағы бұрын-соңды болмаған, - деп растайды Сисенов. – Біз көпірге үнемі бақылау жасап, тексеріп отырамыз, қажетті ағымдық жөндеулерді жүргіземіз. Шұқырларын бітеп, бетон құямыз, басқыштарын бекітеміз... Көпірдің шайқалуына келер болсақ, бұл монолиттік құрылым емес, ол теңселуі тиіс. Бұл қалыпты және ол қирап қалмайды. Құрылымның мұндай қозғалғыштығы жобада қарастырылған. Жалпы жаяу жүргінші көпірі өзіне жүктелген міндетті орындап шықты. 15 қарашаға жоспарланған өткел ашылғанға дейін шыдайды.

– Ал соңғы рет көпірге аудит қашан жүргізілді?

– ҚТЖ жанындағы көпір сынайтын зертхана жыл сайын осындай сынақтар өткізіп тұрады. Жөндеу алдында да осындай тексеру жүргізілді, зертхана оны пайдалануға жарамды деп таныды.

Сисеновтің айтуынша,  көпірді күрделі жөндеуді ҚТЖ алдағы жылға жоспарлаған. Тіпті бюджетте қаржы да қарастырылыпты.

Біз вокзалға барып, көпір үстімен жүріп көрдік. Ауа-райы желді болатын, басқыш пен таяныштары едәуір тербеліп тұр. Көтерілу қиындау, бетон мен басқыштардың металл қалыбының деңгейлік айырмашылығы әжептәуір білінеді. Көпірдің өзіндегі бетон плиталар арасында және басқыштардың кей жерлерінде саңылаулар бар. Әсіресе, басқыштың бойындағы таяныштар қорқынышты. Таяныштардың астындағы көлденең кедергілер бір-бірінен өте үлкен қашықтықта орналасқан. Қолайсыз жағдай бола қалса, оның арасынан балалар түгілі ересектер де оп-оңай ұшып кетеді. Сақ боп жүріңіздер, балаларыңыз бен өздеріңізге абай болыңыздар. Кешікпей бәрі де өз орнына келуі тиіс.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 қараша 2013, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.