Батырхан МАНСҰРОВ.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) мешіттер бөлімінің басшысы Ербол САҒИҰЛЫ Атырауға ресми сапармен келді. Атырау облысының орталық мешітіндегі жұма намазы кезінде ол ҚМДБ шешімімен облыстың бас имамы Амантай СӘДИЕВ Шымкент қалалық мешітінің наиб-иманы лауазымына ауыстырылғанын хабарлады. Оның Атыраудағы орнына 1978 ж.т. Батырхан Берденұлы МАНСҰРОВ тағайындалды.
Б. Мансұров Қазақ-Араб университетін, Түркиядағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы құран оқу курсын және Египеттегі педогогикалық курстарды бітірген, филология ғылымдарының докторы. Соңғы жылдары ҚМДБ жанындағы имамдар біліктілігін арттыру институтында оқытушы, Алматы облысы мешіттерінде имам және медреселердің жетекшісі қызметтерін атқарған.
Намаз алдында ағайынды кәсіпкерлер Бекеновтердің (біреуі – Асхат – парламент депутаты) әкесі Сақибеден БЕКЕНОВ сөз сөйледі. Ол А. Сәдиевке сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, автокөлік кілтін табыс етті.
Намаздан кейін біз бұрынғы имам А. Сәдиевке жақындадық. Ол: «Мен 17 жылдан бері Атырау облысында жұмыс жасадым, оның 13 жылында Құлсары қаласының мешітінде имам болдым. Мен ҚМДБ-дан мені атамекенім – Оңтүстік Қазақстан облысына ауыстыруды сұрадым. Менің әке-шешем қартайды, мен қалған өмірлерінде солардың қасында болып, көмектескім келеді. «Тойота-Королла» автокөлігін маған Құлсарыда жасаған көпжылдық еңбегім үшін Жылыой ауданының екі кәсіпкері сыйға тартты», - деді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ