Атырау, 26 қараша 12:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді

7 314 просмотра

13 қарашада қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан ҚАППАРОВ, мұнай және газ вице министрі Болат АҚШОЛАҚОВ пен индустрия және жаңа технологиялар вице министрі Нұрлан САУРАНБАЕВ жұмыс сапарымен Атырау облысына аяқ басты.

Олар Атырау облысының әкімі Б.ІЗМҰХАМБЕТОВПЕН бірге таяуда газдың кетуі мен зауыттың уақытша тоқтауына әкелген штаттан тыс бірнеше жағдайлар орын алған Қашаған кенішінен «Болашақ» зауытына дейін жүргізілген құбыр желісін тікұшақпен аралап шықты.

Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Н.Қаппаров «Болашақ» зауытындағы технологиялық процестермен және өңірдегі ағымдық экологиялық ахуалмен танысып, NCOC консорциумы мен Agip KKO компаниясы өкілдерінің құбыр желісінің қауіпсіздік жұмыстары үшін алынатын шаралар туралы баяндамаларын тыңдады.

Экологтардың тарапынан газ құбырындағы газ кету фактілері бойынша жоспардан тыс тексеру жалғасуда. Соның қорытындысы бойынша қоршаған ортаға тигізілген зиян мөлшері анықталатын болады. Атырау облыстық экология басқармасының басшысы Ербол ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, қорытындылар қарашаның аяғында белгілі болады.

Экология басқармасының тексеру жұмыстары 24 қыркүйектен бастап Қашағанда орын алған штаттан тыс бірнеше фактілер бойынша бір іске біріктірілді.

Биылғы жылдың 11 қарашасында Zakon.kz сайтында жарияланған Нұрлан Қаппаровтың қызмет тізіміне сәйкес, ол басқа лауазымдардан бөлек, 2003 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Ер Сай» БК директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Бұл кәсіпорын мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсетуге маманданған, атап айтқанда, осы Қашаған – «Болашақ» құбыр желісін жүргізуге арналған құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысқан еді.

 

 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 қараша 2013, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.