Атырау, 26 қараша 10:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Бізге балық қорғау қызметі керек пе?»

4 637 просмотра

Браконьерліктің ауқымдылығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр, деп мәлімдеді мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВ Атырау облыстық прокуратурасы жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.

Браконьерлік мәселесі әлденеше рет талқыға салынған еді. Бұл бас прокуратураның селекторлық кеңесінде де айтылған болатын («АЖ» №18, 2 мамыр 2013 жыл, «Астанадан келіп, алқымнан алады»). Бұдан ештеңе шықпады. Өткен жылы балық қорғау заңнамасы бұзылған 284факт тіркелді. Ал жыл басынан бері бұл 347факт болды, деп баяндайды прокуратура. 186 тоннадан астам балық алынды, оның ішінде 3,7тонна бекіре тұқымдас балықтар, 25келі уылдырық бар. Браконьерлік - лауазымды тұлғалар жиі жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық қызмет сипатына ие болды. Биылғы жылдың 10 қазанында қызыл балық тиелген көлікті жол бойына алып жүрген жол полициясының қызметкері ұсталды. Ал бір күннен кейін қаржы полициясы «Ақжайық» резерватынан браконьерлерге қамқорлық жасап, өзі де браконьерлікпен айналысқан инспекторды ұстады.

Табиғат қорғау прокурорының айтуынша, бұрын ішкі істер органдары браконьерлікпен күрестің әлсіздігін тиісті материалдық-техникалық базаның жоқтығымен түсіндірген болатын. Биыл су полициясының паркі қуатты моторлары бар тез жүретін катерлермен толықты, алайда браконьерлік жалғасуда. Айта кету керек, прокуратура қызметкерлері рейдтерге шыққан кезде, олардың міндеттемелеріне кірмесе де, міндетті түрде браконьерлерді ұстайды. Ал құққықорғау және өкілетті органдардың қызметкерлері су тоғанында тәуліктеп жүрсе де, құқықбұзушылықты сирек анықтайды. Осы жақын арада ғана табиғат қорғау прокуратурасы әрқайсысында 3 мотордан бар, заңсыз балық аулау құралдары тиелген, жүргелі тұрған үшбайдаға құрық салған болатын. Жағалау маңындағы тұрғындар да, әсіресе, Жанбай тұрғындары браконьерлікпен жиі айналысады.

Тұрғындар өз әрекеттерін адамдар бизнес жасап жатыр ғой, оларға ақша табуға кедергі келтірмеу керек деген уәж айтып, ақтап алады. Ендеше мұндай қорғаушыларға қарсы уәж ретінде оларға есірткімен табыс табуды ұсынайық, өйткені бұл бизнес анағұрлым табысты ғой, - дейді Қайрат Өтеулиев.

Браконьерліктің тағы бір түрі – бір қарағанда қосалқы мердігерлік мекемелердің заңды түрде балық аулауын айтуға болады. Балық аулауға белгілі бір лимит алған кәсіпкерлердің қосалқы мердігерлермен келісімшарт жасайтындығын, ал әлгілердің бақылаусыз балық аулауға кірісетіндігін қалыптасқан тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл жағдайда мұндай тәжірибеге тыйым салған орынды болар еді деп есептейді прокуратура. Табиғат қорғау прокуроры балық қорғау қызметі мен табиғи резерваттың жұмысына сын айтты. Оның пікірінше, инспекторлардың пайдасынан зияны көп екен. Күзгі балық аулау маусымында балық қорғау қызметі браконьерліктің бірде бір фактісін анықтамаған. Прокуратура қызметкерлері резерват аумағына барған кезде балық аулайтын аулар мен вентильдерді және браконьерлердің төрт базасын анықтаған.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Мәншүк ТЕМЕШЕВАНЫҢ есебіне сәйкес, 10 ай ішінде облыста балық қорғау заңнамасы бұзылған 1 958 факті анықталған. Қылмыстық жазаланатын сипаттағы 106 іс құқықорғау органдарына берілген, браконьерлік фактісі бойынша 18 іс қозғалып, 12 адам сотталған. Жыл басынан бері браконьерлерден 262 жүзбелі және көлік құралдары тәркіленіп алынған. Заң бұзушыларға 16 млн теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынып, 10 млн-нан астам теңге өндіріліп алынды.

Балық қорғау қызметінің өкілдері материалдық-техникалық жарақталудың нашарлығына, жанар-жағармайдың жетіспейтіндігіне және штаттың аздығына (120 адам) шағымданды.

Сіздер 10 млн-нан астам теңгені өтеп алдыңыздар. Ал сіздің органның бюджеті 340 млн-нан астам теңгені құрайды. Сонда қандай тиімділік болады? Біз сәуір айында алқа өткізген едік, елеулі белсенділік байқалмай тұр, - деп сөзін түйіндедіоблыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВ.

Осыдан кейін қоғамдық кеңестің мүшелері балық қорғау қызметі секілді құрылым керек пе деген сұрақтар қойды.

Резерватта сол балық қорғау қызметінен бұрын ұнамсыз қылықтары үшін жұмыстан шығарылған және, тіпті, сотталған қызметкерлердің жұмыс істейнінін ескерген Қайрат Өтеулиев балық қорғау қызметі мен «Ақжайық» резерватының орталық басшылығының алдына лауазымдық сәйкестілігіне қатысты қызметкерлерді аттестаттау туралы мәселе қоюды ұсынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қараша 2013, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.