Атырау, 26 қараша 10:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жолдың сапасы нашар

2 207 просмотра

Көлік және Коммуникация Министрлігі комиссиясы республиканың жеті аймағында автожолдарды жөндеу сапасының бұзылуын анықтаған болатын. Оның ішінде сынға іліккен Атырау облысынан Тұрғызба ауылының кіреберіс жолы да бар.

Комиссия жол жөндеуде кеткен ақаулар анықтады. Төселген тас бетон сараптама жүргізу үшін зертханаға жіберілген. Нәтижесінде материалдың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған.

Тұрғызбадағы кірмежолды күрделі жөндеуден өткізу жұмысы 2011 жылы басталған. Бұл мақсаттарға қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

- Жұмысты «Атырауинжстрой» ЖШС жүргізе бастаған болатын. Олар 7,2 шақырым  кірмежолды күрделі жөндеуден өткізуі тиіс еді, бірақ жұмыс, неге екені белгісіз, бір жылдан кейін тоқтап қалды, - дейді Жылыой ауданы әкімі Мақсым ІЗБАСОВ.

Бұл жұмыстың белортасынан күрт үзілуі атышулы  «Бергей ісімен» байланыстырылып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.