Атырау-Орал тас жолындағы жол көлік апатынан екі адам көз жұмды.
Оқиға 15 қараша күні Махамбет ауданы Талдыкөл ауылы маңынан 40 шақырым жерде орын алған. Атырау қаласына қарай бағыт алып келе жатқан «Мазда» автокөлігі «Тойота-Камри» автокөлігімен соқтығысқан.
Тергеушілердің алдын-ала болжамы бойынша, «Мазданың» 32 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. ЖКО салдарынан өзі және оның 31 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. Ал «Тойотаның» 34 жастағы жүргізушісі және оның 32 жастағы жолаушысы облыстық ауруханаға жатқызылды (біздің ақпаратымыз бойынша, бұл Махамбет аудандық ІІБ-нің бастығы және оның орынбасары).
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ