Атырау, 5 тамыз 01:17
 дождьВ Атырау +28.1
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

134 миллиард теңге өндірілсін! Басқа жаңалықтар

134 миллиард теңге өндірілсін!

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қашағандағы газ құбырынан газ кету оқиғаларынан кейін экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру нәтижелері бойынша 134 млрд теңге зиянды өтеу туралы облыстық экология департаментінің ұйғарымына қатысты «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» компанияларының берген шағымы бойынша сот тыңдауы аяқталды. 30 сәуір 2014, 11:27 2 612 рет қаралды
Сағың сынбасын... Басқа жаңалықтар

Сағың сынбасын...

19 сәуірде «Атырау-Алматы» бағытындағы қатты жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының 13 вагоны рельстен шығып кеткенін (олардың жетеуі аударылып қалған) бұрын хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Алайда ондаған адам зардап шегіп, төртеуі әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Олардың халін сұрау үшін біздің тілшіміз арнайылап барды. Сол жерде апатқа ұшыраған пойыз жолаушыларының бірі Роза КИММЕН сөйлесудің сәті түсті. 27 сәуір 2014, 19:27 5 895 рет қаралды
Кім кінәлі: жолшылар ма, әлде машинист пе? Басқа жаңалықтар

Кім кінәлі: жолшылар ма, әлде машинист пе?

«Алматы – Атырау» пойызының 19 сәуір күні апатқа ұшырауының үш нұсқасы тексерілуде, деп хабарлады бүгін, 25 сәуір күні Атырау облысының бас көлік прокуроры Болат ҚАЛЫҚОВ баспасөз мәжілісінде. 25 сәуір 2014, 17:56 4 024 рет қаралды
Қаржы полициясы растайды: «Ауруханадан қашып кетті» Басқа жаңалықтар

Қаржы полициясы растайды: «Ауруханадан қашып кетті»

Бүгін, 24 сәуірде қаржы полициясы Исатай аудандық АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННІҢ белгісіз бағытта бой тасалағаны жөнінде БАҚ үшін ақпарат таратты. Демек, «АЖ» жариялаған ақпарат расталып отыр («Ұсталған АІІБ бастығы ауруханадан қашып кетті»). 24 сәуір 2014, 17:59 3 676 рет қаралды
Алма деп жүрсем, жиде екен Басқа жаңалықтар

Алма деп жүрсем, жиде екен

Саяжайлар мен үй ауласына көктемгі көшет отырғызу науқаны қызып жатыр. Атырау базарларынан жергілікті және басқа жерлерден келген адал көшет сатушылармен бірге жалған шыбықтар сатып жүрген алаяқтар да көрініп қалуда. Сатып алынған шыбық – ұзақ мерзімге алынған дүние. Ол жеміс беру үшін бірнеше жыл еңбек сіңіруің керек. Ал егер сіз базардан алған алма терегіңіз жабайы бір талға айналса, қандай күйде болар едіңіз? 24 сәуір 2014, 17:54 6 572 рет қаралды
Қамыс арасындағы қақтығыс (Фото, Видео) Басқа жаңалықтар

Қамыс арасындағы қақтығыс (Фото, Видео)

Қазақстан әскері «Ақжайық» резерватының аумағына басып кірді 22 сәуірге қараған түні ҚР ҰҚК-нің 2016 әскери бөлімінің автоматтармен қаруланған «Еуразия» заставасының шекара жасағы мемлекеттік «Ақжайық» табиғи резерватына кірер ауыздағы шлагбаумды бұзып, резерват аумағына кірді. Резерват қызметкерлері бұл фактіні заңсыз басып кіру деп бағалап отыр, ал шекарашылар опоненттердің әрекетін «мемлекеттік шекараны қорғауға қасақана кедергі келтіру»  деп атауда. 24 сәуір 2014, 00:00 6 993 рет қаралды
Балық базарындағы қарбалас Басқа жаңалықтар

Балық базарындағы қарбалас

Қадағалаушы органдар базарлардағы балық сатушылардан тауардың сату орындарына заңды жолмен келгенін дәлелдеуді талап етуде. Мұндай дәлел ретінде сатушы мен өндірістік кооператив арасында жасалған шарт жүре алады. Алайда, балықшылар шарт жасасуға асығар емес. 24 сәуір 2014, 00:00 4 460 рет қаралды
«Қол соғудың қажеті жоқ» Басқа жаңалықтар

«Қол соғудың қажеті жоқ»

Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында бизнесмендер бақылаушы органдардың өкілдерімен президент енгізген шағын және орта бизнесті тексеру мораторийіне арналған кездесу өткізді. 24 сәуір 2014, 00:00 2 553 рет қаралды
Иммундау аптасы жүріп жатыр Басқа жаңалықтар

Иммундау аптасы жүріп жатыр

22-26 сәуір аралығында облысымызда Еуропалық иммундау апталығы өткізілуде.  - Осы апта ішінде полиомиелит, қызылша, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр түрлері, «В» гепатиті, қызамық, туа біткен қызамық синдромы, эпидемиялық паротит, гемофильдік инфекция және т.б. көптеген инфекциялардан қорғау үшін вакцинациялау жүргізіледі 24 сәуір 2014, 00:00 3 761 рет қаралды
Қалдық судан қауіп бар Басқа жаңалықтар

Қалдық судан қауіп бар

Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон ауылының тұрғындары дабыл қағуда - ауылдағы кәріз жүйелерінің істен шығып, қалдық судың далаға ағып жатқанына бір айдан асып барады. Олар мұның арты эпидемияның таралуына алып келіп жүре ме деп қауіптенеді. 24 сәуір 2014, 00:00 3 824 рет қаралды
«Тұрғындар төлемақы төлемеуде» Басқа жаңалықтар

«Тұрғындар төлемақы төлемеуде»

«АЖ»-ның 3.04.2014 күнгі №15 санында каналдардың құрғауынан малын суара алмай отырған Исатай ауданы Зинеден ауылы тұрғындарының мәселелері жөніндегі «Каналдар құрғап жатыр» атты мақала жарияланған болатын. Біздің жарияланымымызға орай «ҚазСуШар» РМК-ның Атырау филиалының директоры Асылан РЫСЖАНОВ былай деп жауап берді: 24 сәуір 2014, 00:00 2 899 рет қаралды
Ошағаннан қалай ақша жасауға болады? Басқа жаңалықтар

Ошағаннан қалай ақша жасауға болады?

Құрманғазы ауданындағы «Бақыт» шаруа қожалығының қожайыны Рашид ҚАБДЕШЕВ (суретте)  малды бордақылауға арналған дәруменді шөп түйіршігін, отын түйіршігін және жиһаз дайындау үшін ағашты-полимерлі композит өндіретін цех ашуды қарастыратын бизнес жобасын әзірлеген. Ол шикізат ретінде ауданда он мыңдаған гектарды алып жатқан қамыс пен ошаған бұталарын қолдануды ұсынып отыр. Кәсіпкер өзіне қаржылық қолдау көрсетер инвесторлар іздейді. 24 сәуір 2014, 00:00 10 366 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Ғарыштық табыс

Ж.Досмұхамбетов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Гүлсат БАҚТЫҒАЛИ (суретте) мен дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Мұратбек ЖӘРДЕМ Байқоңыр қаласында өткен «Открываем мир науки» атты ғарыштық зерттеу жөніндегі Х Халықаралық ғылыми сайыстың жеңімпаздары атанды. 24 сәуір 2014, 00:00 1 290 рет қаралды
Кең байтақ елді мотоциклмен шарлау Басқа жаңалықтар

Кең байтақ елді мотоциклмен шарлау

Wheels Brothers мотоклубы www.live2ride.kz сайтының қолданушылары және Атырау қаласы авто қауымдастығының қатысуымен Қазақстан бойынша мотошеру өткізбекші, оған ықылас білдірген барлық адам қатыса алады. «Менің елім – Моя Страна» шеруі Қазақстанның 20 елді мекенін қамтиды.  24 сәуір 2014, 00:00 1 902 рет қаралды
NCOC мен Eni басшылары ауысты Басқа жаңалықтар

NCOC мен Eni басшылары ауысты

1 мамырдан бастап NCOCбасқарушы директоры Пьер ОФФАН өз қызметінен кетеді. Бұл лауазымда ол 2008 жылдан бастап жұмыс істеді. Оның орнына «ЭксонМобил» компаниясының іссапарға жіберілген өкілі Стефан де МАЙЮ келмек. 23 сәуір 2014, 16:38 2 493 рет қаралды