Атырау, 27 қараша 02:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мерекелік жорық

2 407 просмотра

9 мамыр күні Атырауда Жеңіс күніне орай автомотожорық өтті. Уйымдастырушылар жергілікті байкерлер мен автомобиль клубтары. Олар алдын ала өтініш беріп, қалалық әкімдіктен рұқсат алған.

Сондай-ақ, мерекеге Ростов-на-Дону қаласынан өздерінің достарын шақыртқан. Барлық машиналар мереке айшықтарымен безендірілді. Жеңіс тақырыбындағы жапсырмалардан бөлек, кейбіреулер өздерінің машиналарын танкiлер мен ұшақтарға ұқсатып бояған. Қызыл жалаулар, ұрандар жазылған плакаттар... Алыстан ерекше колоннаны көрген қала тұрғындары ұялы телефондарын алып, видеоға түсіріп жатты. Қалаға кiрер тұста жиналған автоколоннаны жол-патрульдi қызмет машиналары бастап жүрді. Автоколонна трассаның бойымен әуежайға дейін барып, сол жерден айналып, қаланың орталық көшелерімен жүрді. Соңғы аялдау нүктесі Жеңіс саябағы болды. Онда акцияға қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

10 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.