Атырау, 27 қараша 02:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Отыр. Жарайсың!»

4 931 просмотра

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде (НЗМ) «Оқушыларды өлшемдік бағалау» тақырыбында семинар өтті.

ӘЗІРГЕ ЕКІ МЕКТЕП

НЗМ қабырғасында қазақстандық және  шетелдік мұғалім-новаторлардың үздік тәжірибелері енгізілуде. Зияткерлік мектептер жұмыс жасайтын әрбір өңірде оларға бірнеше базалық оқу орындары бекітіледі. Атырауда бұлар - №№16 және 31мектептер. Семинарға осы мектептердің 30-дан астам оқытушылары, сонымен қатар «Өрлеу» педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері қатысты.

Семинарда бағалаудың бес балдық жүйесінің бірқатар кемшіліктері байқалды. Бағалар оқушының оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша қандай нақты білім алғандығы туралы айқын көрініс бермейді. Өз кезегінде өлшемдік бағалау – бұл айқын анықталған және баршаға (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға) алдын ала белгілі өлшемдермен оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Формативті бағалау деген бар, яғни, сабақта және үйде күнделікті жұмыстану процесінде білімді игерудің ағымдық деңгейін анықтау. Сонымен қатар суммативті бағалау деген бар – белгілі бір тақырыпты меңгеру аяқталған кезде білім деңгейін анықтау. Суммативті жұмыстар үшін қойылған бағалар қорытынды бағалар үшін негіз болып табылады.

Семинарға қатысушылар өз мектептерінде өлшемдік бағалау жүйесін бірден қолдана алмайды. Ол жерде бес балдық бағалау жүйесі қолданылады. Бірақ олар баға қойылған кезде бұл өлшемдерді басшылыққа ала алады. Балалар да өздерін материалды қалай түсінгені, өз ойларын жеткізіп айта алуы және т.б. бойынша бағалайтындығына үйренетін болады. Әзірге бұл жүйеге екі мектеп қатыстырылады, содан соң олар басқа оқу орындарында тәжірибелерімен бөліседі. Бұл - өте көп еңбек сіңіруді қажет ететін ұзақ процесс, біз енді ғана бастап жатырмыз, - дейді Атырау НЗМ директоры Тавиля АКИМОВА.

БАЛАЛАР
Біз балалардан НЗМ-нің бұрынғы мектептерден айырмашылығын сұрадық. Олардың пікірінше, бастысы - сабақтардың өткізілуінде. Қарапайым мектептерде оқушылардан мәтінді түпнұсқаға жақынырақ етіп айтып беру талап етілсе, НЗМ-де оқушының не түсінгенін және алған білімін тәжірибеде қалай қолдана алатындығын әңгімелеуді сұрайды екен. Сабақ пікірталас түрінде өтуі мүмкін: балалар өз көзқарастарын білдіріп, оны дәлел келтіріп қорғайды. Олардың бұрынғы сыныптастары 10-11 сыныпта ҰБТ-ға дайындалып, әр сенбі сайын сынама тестілеуді тапсырады. Нәтижесінде олар да бірнеше пәнге ерекше көңіл аударады. Зияткерлік мектебінің оқушылары ҰБТ тапсырмайды, сондықтан оларды міндетті түрде білу керек, әйтпесе, тестілеуден өтпей қалуы мүмкін және оқу міндетті емес деген пәндер бөлінісі жоқ.

– Сабақтар күні бойы болады, бастапқыда үйренбеген соң ауыр тиді. Бірақ қазір үйреніп кеттік. Есесіне үй тапсырмасы көп емес, өйткені, жұмыстың көп бөлігін біз сабақ үстінде орындаймыз. Ал, кешкісін жайбарақат демаламыз, - деп әңгімелейді 9-сынып оқушысы Илья ФРОЛОВ. – Сабақтар қызықты өтеді, көбінесе ойын түрінде болады. Біз командаларға бөлініп, сайысқа түсеміз.
– Бұл жерде ешкім сені оқуға мәжбүрлемейді, өзің үшін оқисың, - дейді оның сөзін қостаған сыныптастары.

Балалар өлшемдік бағалау жүйесін де атап өтті. Мәселен, 7-8 сынып оқушыларының білімі үйреншікті бес балдық жүйенің орнына «жеткізді» және «тырысты» деген екі өлшем бойынша бағаланады.

КУРАТОРЛАР
Мектепте сыныпқа жетекшілікті кураторлар жүзеге асырады. Әрбір куратор міндетті түрде түрлі тілде оқитын және орта және жоғары звенодағы екі сыныпқа жетекшілік етеді. Сыныптар бір «Шаңыраққа» бірігеді: бүкіл шараларды балалар бірге өткізеді. «Шаңырақта» жұмыстар түрлі бағыттар бойынша жүргізіледі: байқаулар өткізіліп, зауыттарға, балалар үйіне, қайырымдылық акцияларына барады.

– «Шаңырақ» – бұл НЗМ-нің тәрбие жүйесінің жақсы идеясы. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына қамқорлық көрсетеді, оларды үнемі сүйемелдейді, оқуларына көмектеседі. Өйткені, түрлі тілде оқытылатын сыныптар болғандықтан,  қарым-қатынас процесінде олар бір-біріне қазақ және орыс тілдерін меңгеруге көмектеседі, - дейді куратор Жансая БАЯЗИТОВА.

Кураторлар сабақтарға қаты-сып, балалардың оқу үлгеріміне, олардың жүріс-тұрысына бақылау жасайды, ата-аналарды жаңалықтардан хабардар етіп тұрады. Басқа мектептердегі сынып жетекшісінен айырмашылығы кураторлар сабақ бермейді, оларға сабақ жоспарлары мен дәптер тексерулер жүктелмеген, сондықтан өздерін тәрбие жұмысына толықтай арнай алады. Олардың әрқайсысы бұрынғы пән мұғалімі, кейде «сабақ беруді сағынамыз» деп мойындайды. Бірақ басқа пән мұғалімдері оқуға кетіп қалған кезде олардың орнына сабақ өткізуге мүмкіндіктері бар. Айталық, бұл жиі болып тұрады.

7-ші сабақтан кейін НЗМ-де қосымша сабақтар басталады, оқушылардың мұғалімге жақындап барып, сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар. Белгілі бір күндері сынып математика бойынша, қалған күндері таңдаған пәндері бойынша қосымша сабақтарға барады. Бейсенбі – үйірмелер күні: өнер, вокал, актерлік шеберлік және т.б.

Ата-аналар балаларының 8-9 сағатқа дейін кідіретіндігіне таң қалмайтын болды. Оларды ешкім ұстамайды, бірақ балаларға бірге уақыт өткізген қызықты.

11-сынып оқушыларына әрбір күн шетелдік мұғалімдермен тілдесуден басталады. Бұл жерде олар аз емес. Көптеген сабақтар team-teaching жүйесі бойынша жүргізіледі, яғни, сабақтарды қазақстандық және шетелдік екі мұғалім қатар өткізеді. Олар 10 минут түрлі тақырыпта сөйлесіп, жаңалықтармен бөліседі, бұл тіл меңгеру үшін қажет керемет тәжірибе. 7-9 сынып оқушыларында өздерінің таңертеңгі жиыны болады. Әрбір «Шаңырақ» өз бұрыштарына жиналады. Бұл уақытта кураторлар кім бар, кім жоқ екендігін тексереді, қажетті хабарландыруларды айтады. Таңертеңгі жиындарда ақпараттық минут өткізіледі: екі кезекші қызықты деп есептеген жаңалықтарды, әлемдегі жағдайды, жаңа кітаптар туралы әңгімелейді және т.б. Ал, әрбір сәрсенбіде бүкіл мектеп тура сағат екіде 15 минутқа кітап оқуға кіріседі.

– Бүгінде адамдар кітапты аз оқитын болған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін біз «ридинг тайм» ұйымдастырамыз. Бәрі өздерімен бірге үйлерінен кітаптар әкеліп, егер қызықты болса, өзара алмасады. Бәрі де: балалар, мұғалімдер, тіпті күзетшілер де оқиды. Жақында «Буккроссинг» акциясын ұйымдастырып, Сарайшықтағы интернатқа кітаптар апардық, - деп әңгімелейді кураторлар.

Семинарға қатысушылар үйренгендерін өз жұмыстарына қолданбақшы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.