Жексенбі, 11 мамырда кешкісін қаржы полициясы Исатай мен Махамбет алаңында флешмоб ұйымдастырып, қала тұрғындарын таңғалдырды.
Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті осындай тосын тәсілмен өзінің ведомостволық 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Флешмоб «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» деп аталды. Сары футболка киген жастар «Жастар парақорлыққа қарсы!» деген ұранмен әуе шарларын ұстап, содан соң қаржы полициясының «144» құпия телефон желісінің нөмірін әуелете көкке ұшырып жіберді.
Көкке көтерілген қара резіңке цифрдан басқа, қыздар мен жігіттердің арасындағы форма киген ЭСҚКД ұйымдастыру-бақылау басқармасы-инспекциясының бастығы Қаһарман ЖӘРДЕМОВ қана қаржы полициясы туралы еске салып тұрды. Осынау салмақты мекемеге адамгершіліктің, соның ішінде шығармашылықтың жат емес екені көрініп тұр еді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ