Атырау, 27 қараша 02:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Егін орағы ерте басталмайды

2 141 просмотра

Мұрағаттан алынған фотосуретМұрағаттан алынған фотосуретОблыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша, 2014 жылғы 1 мамыр күнгі есеппен жоспарланған 1500 гектардың 135-іне картоп, 2500 гектардың 365-іне көкөніс, 818 гектардың 153-іне бақша дақылдары егіліп үлгерген.   

Тұқым себу қарқынының баяулығы егін орағы ерте басталады деген үмітті жоққа шығарады, ал бұл жағдай жаздың алғашқы айларында көкөніс бағасының өсуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Махамбет ауданындағы шаруа қожалықтары бірінің басшысы былай дейді:

- Биыл облысымызда салқын ұзақ тұрды. Бұрын бесқонақтан кейін, яғни, 14 сәуірден бастап тұқым себуді қолға алып, мамырдың басында бітіретінбіз. Мен биыл үш рет жылыжайға екпе көшет отырғыздым. Барлығы да өліп қалды. Жел бетіне жауып қойған жабындыны түгел алып кетті. Қазір диханшылар егін атыздарын күнді жақсы өткізіп, жылу ұстап тұратын заманауи материал – агроспанмен жабады. Ал бұл қарапайып полиэтилен жабындыдан екі есе қымбат.

Биыл астрахандықтар екпе көшеттермен көмектеседі деп те айта алмаймыз, ол жақта да бәрі үсіп кетті. Маусым айының басына дейін облыс бойынша тұқым себу аяқталатын шығар. Алайда жазда балғын көкөністі ерте жей алмаймыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 мамыр 2014, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.