Атырау, 27 қараша 02:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жұмыспен қамтуға үш миллиард теңге

2 919 просмотра

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы жылдың аяғына дейін 3 800-дей адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ, ШАҒЫН НЕСИЕЛЕР, КӘСІПТІК КУРСТАР

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 3 млрд-тан астам теңге бөлінеді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:

Біріншісі - адамдарды күрделі жөндеу нысандарына жұмысқа орналастыруды қарастырады.

Биыл 25 әлеуметтік білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстарға 1,3 млрд теңге қарастырылған, осы бағыттың шеңберінде жаңа 690 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, - дейді Аманғалиева.

Екінші бағыт – «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы  жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту». Аманғалиеваның айтуынша, 860 адам жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге шағын несиелер алады:

Несие бермес бұрын біз кәсіпкерлік негіздері бойынша 440 адамды оқытамыз. Қазіргі уақытта 160 адам Құрманғазы мен Қызылқоға аудандарында оқып жатыр.

Шағын несиелер бизнес ашуға немесе бар бизнесті кеңейтуге беріледі. Халыққа қызмет көрсету: наубайханалар, тігін цехтары, фотосудиялар, көлік жөндеу қызметтері кең таралған. Жұмыспен қамту басқармасындағылар соңғы кездері халықтың үй құстарын: мысыр тауығын, бөденені өсіруге несиелерді жиі алатындығын атап өтті.

Үшінші бағыт бойынша жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қарастырылады. Алайда биыл халықты көшіруге қаржы қарастырылмаған. Ал республикалық бюджеттен кәсіби оқытуды ұйымдастыруға 425,2 млн теңге бөлінді.

– Осы бағдарлама аясында кәсіптік колледждерде 869 адам білім алуда, - дейді Аманғалиева. – Биыл 220 адамды оқыту, әлеуметтік жұмыс орындарына 255 жұмыссыздар мен жастар тәжірибесіне – 1 000 адамды жіберу жоспарланып отыр.

– Кәсіптік курстардың түлектері негізінен қайда жұмысқа орналасады?

– Алғашқы жұмыс дағдыларын үйрену үшін жұмыс берушінің өтінімдеріне байланысты мемлекеттік қызметке, балабақшаларға, жастар бірлестіктеріне, «Болашақ Атырау», «Имтэк Болашақ», «Атырау-Жарық», Сбербанкке жібереміз. Жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына барлығы 613 адам жұмысқа орналастырылды.

– Жұмыс іздеп жүрген түлектерге қайда хабарласқан жөн?

– Жұмыспен қамту орталығына. Өтініш жазу керек, сол жерде оларға қандай құжаттар керек екендігін айтатын болады.

Жыл басынан бері облыс бойынша бос орындардың32 жәрмеңкесі өткен, нәтижесінде 597 адам жұмысқа орналасты.

«БОЛАШАҚТАҒЫ» ҮНСІЗДІК

«Болашақ» зауытына келер болсақ, Қашағандағы мұнай өндірудің тоқтатылуына және алдағы уақытта екі құбырдың ауыстырылуына байланысты сол жерде кадрлардың біразы босатылады деп жоспарланып отыр. Сол жерде жұмыс істейтін кейбір жұмысшылардың айтуынша, олар басшылықтан ауызша ескерту алған екен. Алайда ресми хабарландыруды әлі ешкім алмаған.

Бір өзгешелегі, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылар да бұл туралы ақпаратты білмейтін болып шықты. Олардың жақын арада жолдаған сауалына Аджип ҚКО таяу уақытта қысқартулардың жоспарланбағанын айтып, Аджип жобаларында жұмыс жасап жатқан мердігер және қосалқы мердігер мекемелерге хабарласуға кеңес берген. Бұл компаниялардың өздері бұл мәселені шешпейтіндігі түсінікті болса да, біз олардың біріне қоңырау шалдық.

Бізде Қашаған мен Қарабатанда Аджип нысандары бар. Ол жерде 230 адам жұмыс істеп жатыр, іске қосу-реттеу жұмыстарын атқарудамыз. Әзірге Аджиптен қысқартулар туралы ресми хабарландыру алған жоқпыз, алайда осынадй әңгімелер жүріп жатыр, - деді «ПСН Казстройсервис» АҚ  кадрлар бөлімінің әкімшісі Салтанат ШИМИКЕНОВА.

Қалай дегенмен де, қазір Қарабатанда мердігерлер арасында қысқартулар туралы қауесеттер жүруде. Егер қисынға сүйенер болсақ, мұнай өндіру тоқтатылса, «Болашақ» зауытында тазартатын ештеңе болмайды. Сонда зауыт жұмысшыларының немен айналысатындығы және жұмыспен қамту басқармасына неліктен ертерек хабарланбайтыны белгісіз.

Қазір «Болашақ» жобасына 15 мердігер және қосалқы мердігер компанияларында жұмыс істейтін қазақстандық 3 384 жұмысшы жұмылдырылған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

12 мамыр 2014, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.