Атырау, 27 қараша 02:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тағы бір канал қажет

1 623 просмотра

Қызылқоға ауданында қуаңшылықтың алдын алу шаралары қолға алынуда.

- Ералы су қоймасы арқылы келген суды ретпен жіберіп жатырмыз, - дейді Қызылқоға ауданы әкімі Мақсот МҰҚАНОВ. - Соңғы жылдардағы су тапшылығынан көлдер суланбай қалып, бұл жерасты суының ащылануына әкеліп соқтырған болатын. Биыл осы қиындықтан шығу үшін шалғайдағы жер жайылымдарынан құдық қазу үшін қаражат сұратқан едік.

Бүгінде Мұғалжар тауынан келетін өр суы бірінші кезекте Жарыпшыққан өзегі арқылы Тайсойған жерасты су қорларын толықтыру мақсатында жіберілуде. Екінші кезекте өр суы Ойыл өзенінің бойында орналасқан Миялы, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл ауылдық округтеріне жеткізіледі.  

- Судың келуі осы мамыр аяғына дейін жүреді деп есептеп отырмыз,- дейді қызылқоғалық мамандар.

«Кезауыз-Қарабау» каналын салу бұдан екі жыл бұрын қолға алынғанымен жұмыс біткен жоқ.

- Құрылысты бітіру үшін республикалық бюджеттен қаржылар бөлінді, - дейді «ҚазСушар» РМК-ның Атырау филиалының бастығы Аслан РЫСЖАНОВ.  - Біздер жұмысты 2014 жылдың аяғында бітеді деп жоспарлап отырмыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 мамыр 2014, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.