14 мамырда қайта жарақтаудан өткен Жилгоро-докта палеонтологиялық музей ашылды.
Динозаврлардың қалдығы, көне дәуірдегі акулалардың тістері, белемниттер, 100 миллион жылдан астам уақыт болған тасқа айналған көбелектердің іздері – бұл отыз жылын тарихқа арнаған музейдің негізін қалаушы, өлкетанушы-палеонтолог Юрий ПАСТУХОВТЫҢ ерекше коллекция жәдігерлерінің толықтай тізімі емес. Ол жыл сайын борлы тауларға әлденеше рет экспедиция ұйымдастырып, мезозой дәуірінің мұраларын зерттеуге балаларды да тартып отырады. Оның табандылығының арқасында борлы таулар бір кездері қазіргі Атырау мен Ақтөбенің орнында жүзген, қазір тасқа айналған теңіз мекендеушілерін біртіндеп өз қойнауынан шығара бастаған.
- Біздің өлкемізде палеонтологтар үшін жұмыстар өте көп, - дейді Юрий Александрович. – Бұл – табиғат қойнауында сақталған тарихтың кішкене бөлігі ғана, - деді ол өзінің шағын музейінің стенділерін көзбен шолып.- Үстірттің жасы жүздеген миллион жылдап саналады.
Жаңартылған музейдің қабырғалары Ақтолағай мен Ақкөгершін үстірттерінің сұлулы-ғын бейнелейтін өлкетанушының фотоеңбектерімен безендірілген.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА