Атырау, 2 маусым 17:34
 дождьВ Атырау +13.8
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Басқа жаңалықтар

Атыраудағы мұнай көрмесі және конференция Басқа жаңалықтар

Атыраудағы мұнай көрмесі және конференция

1-3 сәуір аралығында «Атырау» спорт кешені мен оның жанындағы уақытша павильонда  «AtyrauOil& Gaz2014» және «AtyrauBuild2012» көрмелері ұйымдастырылады. Әдеттегідей, осы уақытта 1-2 сәуірде «Ренессанс Атырау» отелінде өңірлік «OILTECH Atyrau 2014» мұнай-газ технологиялық конференциясы өтеді. 2 сәуір 2014, 13:35 3 600 рет қаралды
Үлкен Бекіре күні-2 Басқа жаңалықтар

Үлкен Бекіре күні-2

«Амангелді» өндірістік кооперативінің звено жетекшісі Өмірзақ ӘЗБЕРГЕНОВТЫҢ тағы да жолы болды. Ол осымен екінші жыл қатарынан өз балықшыларымен бірге ірі бекіре ұстады – бұл жолы салмағы 150 келі. «Оған тағы сыйақы беріп, Түркияға демалысқа жіберуге тура келеді», - деп әзілдеді «Амангелді» ӨК құрылтайшысы Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ. 1 сәуір 2014, 16:19 3 010 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, онлайн-конференция!

2014 жылдың 10 сәуірінде (бейсенбі) сағат 15-тен 16-ға дейін «Ақ Жайық» газетінің редакциясында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының басшысы Еркін ҒАЛИЕВТІҢ қатысуымен онлайн-конференция өтеді. 27 наурыз 2014, 18:09 1 470 рет қаралды
Шұжықтың қызығы Басқа жаңалықтар

Шұжықтың қызығы

29 наурызда қала супермаркеттерінің бірінде сатып алушылар 10 метрлік шұжықтың дәмін көрді. Таразда әзірленген және атыраулықтарға Наурыз мерекесіне тарту етілген үлкен ет өнімі Қостанай мен Ақтөбе облыстарындағы ауа райының қолайсыздығынан қаламызға бір аптадай кешігіп келді.   31 наурыз 2014, 12:49 2 121 рет қаралды
Тексерулер тоқтатылады Басқа жаңалықтар

Тексерулер тоқтатылады

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинар кеңесінде президенттің шағын және орта бизнесті тексерулерге жариялаған мораториі жайы сөз болды. 28 наурыз 2014, 15:30 2 716 рет қаралды
Жетімдер тізімде болмаған Басқа жаңалықтар

Жетімдер тізімде болмаған

Атырау облысында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібі туралы заңнаманың сақталуына қатысты прокуратура органдары жүргізген тексеру жұмыстары бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. 28 наурыз 2014, 15:27 1 727 рет қаралды
«Мен бәрін жазып алдым...» Басқа жаңалықтар

«Мен бәрін жазып алдым...»

Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі директорының міндетін атқарушы мен ұстаздар ұжымы арасында жанжал туып отыр. 21 мұғалім (ұстаздар ұжымының 70 пайызы) облыстық прокуратураға шағым түсірген. 27 наурыз 2014, 15:09 5 882 рет қаралды
Жаздың ыстық боларынан үмітті Басқа жаңалықтар

Жаздың ыстық боларынан үмітті

Өңірлік электр желілері компанияларының (ӨЭК) 2013 жыл ішінде көрсеткен қызметтер көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 53 млн киловатт-сағатқа (4%-ға дерлік) азайды. Бұл туралы тұтынушылар алдындағы жыл сайынғы есебінде «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айбар РАХМАНОВ қынжыла хабарлады. 27 наурыз 2014, 00:00 3 617 рет қаралды
ЖЭО-ны электр энергиясы құтқарады Басқа жаңалықтар

ЖЭО-ны электр энергиясы құтқарады

2013 жылдың қорытындысы бойынша Атырау ЖЭО жылу энергиясын өндіру және жылумен қамтамасыз ету қызметінен 212 млн теңге мөлшерінде кіріс алды. Бұл тариф сметасында қарастырылғаннан 199 млн теңгеге аз. Бұл туралы тұтынушылар алдындағы жыл сайынғы есебінде «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ хабарлады. 27 наурыз 2014, 00:00 1 758 рет қаралды
Бастысы - тұрбаны үлкейтті Басқа жаңалықтар

Бастысы - тұрбаны үлкейтті

«Атырау жылу жүйелері» («АЖЖ») АҚ 2013 жылы орындалған инвестициялық бағдарлама шаралары есебінен өткен қыста жылу шығындарын 24,8%-ға азайтты. Бұл туралы компания президенті Нұрадин ШАМШАТОВ тұтынушылар алдындағы есеп беру жиналысында хабарлады. 27 наурыз 2014, 00:00 1 906 рет қаралды
Бірінші сыныптан бастап ғылыммен айналысамыз Басқа жаңалықтар

Бірінші сыныптан бастап ғылыммен айналысамыз

Келесі жылдан бастап Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Бұл мәселе «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымының департамент директорының орынбасары Роман БАЙҒАЗИЕВ, Ұлттық білім беру академиясының кафедра меңгерушісі Шолпан ШҮЙІНІШАЛИНА және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқу орталығының бөлім бастығы Тойбек ӘУБЕКЕРОВТІҢ қатысуымен өткен баспасөз конференциясында талқыланды. 27 наурыз 2014, 00:00 4 505 рет қаралды
Арқадағы ауыр жүк Басқа жаңалықтар

Арқадағы ауыр жүк

Мектеп оқушыларының сөмкелері алға қарай «жүдейді»: астаналық шенеуніктер отандық кітап шығарушыларға оқулықтардың салмағын азайтуға тапсырма берді. Ал әзірге олар оқыту сапасына нұқсан келтірмей, қажетті материалдарды қалай жинақы беруге болады деп шешім шығарғанша, біз күн сайын оқушы өз сөмкесімен қанша келі «білімді» арқалап жүретінін және мұның денсаулыққа қалай әсер ететінін тәжірибе жасау арқылы білгіміз келді. 27 наурыз 2014, 00:00 4 191 рет қаралды
Мектеп құрылысы неге тоқтап қалды? Басқа жаңалықтар

Мектеп құрылысы неге тоқтап қалды?

Құрманғазы ауданы Жамбыл ауылындағы Панфилов атындағы орталау мектебі 2013 жылдың 16 мамырында өртеніп кетті. Сол жылдың жазында оның орнында жаңа мектептің құрылысы басталған болатын. Алайда, қазір құрылыс жұмыстары тоқтап тұр (суретте). 27 наурыз 2014, 00:00 4 779 рет қаралды