18 наурызда Құлсары қаласындағы жаңадан салынған тағы бір мектептің шатыры күшті желдің салдарынан ұшып кетті.
- Қайта ешкім зардап шеккен жоқ, - дейді №8 мектеп директоры Досмұхан ІЛИЯСОВ. - Бірақ кіре беріс блоктың шатыры аударылып, жан-жағындағы тастар сыпырылып түсті.
Мектептің қолданысқа берілгеніне үш ай ғана уақыт өткен. Оның құрылысына 900 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Мемлекеттік қабылдау актісінде бас мердігер «МұнайқұрылыссервисLTD» директоры Тәңірберген САТЫМБЕКОВ пен комиссия төрағасы ретінде Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИННІҢ қолдары бар. Ал қосалқы мердігер - «ҚазТрансСервисАтырау» ЖШС (директоры Мұрат КЕЙКИН).
Жөндеу жұмысы сәуірдің7-сінен бастап қолға алынған.
Құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты сұрақтарымызға жауап беретін жан табылмады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА