Атырау, 27 қараша 00:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Берекелі маусым

3 060 просмотра

Көктемгі балық аулау маусымы басталғаннан бері балықшылар бекіре өсіру зауытына бірнеше аталық қортпа мен уылдырықты аналық қортпа тапсырды. 15 сәуірде «Амангелді» кооперативінің ауына кезекті үлкен олжа – 230 келілік қортпа түсті.

- Біздің екі ау тартымымыз бар, алайда әзірге тек біреуінде жұмыс жасап жатырмыз. Екіншісін жақында алдық, ол жерлерде алдымен өзен түбін тазалауымыз керек. Мұны мүмкін жазда жасайтын болармыз, - дейді «Амангелді» ӨК құрылтайшысы Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ.

Балықшылардың пікірінше, биылғы осы бекіре тұқымдастарының көп шығуы, ең алдымен, «Бекіре-2014» браконьерлікке қарсы операциясының арқасында мүмкін болып тұр: балық уылдырық шашуға еркін шыға алады. Егер балық аулау маусымының мерзімі қысқа болмағанда (18 наурыздан 25 сәуірге дейін) балық одан да көп ауланар еді. Сонымен қатар, демалыс күндері де өзі аз уақытты қысқартып отыр (балықты 5 күн аулап, үш күн өзенді ашады).

Өткен жылдың екі балық аулау маусымында Жайықтан балық аулайтын кооперативтер 3 мың 595 тонна балық аулаған, бұл бөлінген лимиттің 54,4%-ын құрайды. Қиғаштан балық аулау нәтижелері де қуантарлық емес – 3 мың 202 тонна немесе лимиттің 52,3%-ы. Теңізден 7 мың 181 тонна балық ауланды, бұл лимиттің 71,6%-ы.

-Көктемгі балық аулау маусымының бұрынғы ұзақ мерзімін қайтару мәселесін біз талай рет көтергенбіз. Көктемде кооперативтер жылдық лимиттің 25%-ын игерулері керек, алайда рұқсат беріліп тұрған осы мерзімде бұл мүмкін емес, - дейді  «Қазақбалықшар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әлібек БҰХАРБАЕВ. – Нәтижесінде лимиттерін қысқартады. Ал бұдан балықшылар отбасы, сондай-ақ, бюджет те салық түспей зиян шегеді.

Бұхарбаевтың айтуынша, бізде балық бар, сондықтан да лимитті қысқартпау керек, көктемгі балық аулау маусымы мерзімін ұзарту қажет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.