Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша бұл барақ үй 1904 жылы салынған, ал құжатта 1928 жыл деп көрсетілген. Саман тастан салынған барақта 18 адам тұрып жатқан.
- Қазір онда комиссия жұмыс жасап жатыр. Баспанасыз қалған тұрғындарға үй жайы оң шешім тапқанша жатақханаға уақытша тұруға орындар бөліп отырмыз. Алайда тұрғындар ағайын, туыстарының үйне тұратын болып шешті, - дейді аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Аслан ҚОСМАҒАМБЕТОВ. - Біз облысқа болған жайды жеткіздік, қаржы бөлінер деп отырмыз, онда оларға үй сатып алып бермекшіміз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА