Атырау, 27 қараша 00:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қасірет тамшылары

2 349 просмотра

Редакцияға қала орталығындағы үйлердің бірінің тұрғыны хабарласып, жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары күн сайын көретін жағымсыз жайт туралы баяндады.

- Біздің үйдің қасындағы дәріхана тәулік бойына жұмыс жасайды. Күн сайын таңертең баспалдақ алаңқайларынан қолданылған шприцтер мен көзге тамызатын «Мидриацил» дәрісінің бос құтыларын көреміз. Ғаламтордан нашақорлардың оларды инъекция үшін пайдаланатындығын білдім. Тәжірибе мақсатында осы дәріханаға кіріп, «Мидриацил» құтысын еш қиындықсыз сатып алдым. Шынымен де, дәріхана қызметкерлері бұл дәрмекті кімнің және не үшін сатып алатындығын түсінбей ме екен?

«Мидриацил» дәрілік препараты, шынымен де, офтальмологияда қолданылады. Оның белсенді жиынтығы – тропикамид. Есірткіге тәуелділерді осы зат қызықтырады екен. Сондықтан оны арзан әрі қолжетімді «дәріханалық есірткі» деп атауға болады. Наркологтардың айтуынша, нашақорлар тамырларына дәрінің жеке өзін де, героинмен де қосып салады. Бұл препарат қысқа уақыт ішінде адамның бауыры мен бүйрегін зақымдайды да, нашақор өте тез «күйрейді».

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бастығы Сара ОРАЗОВАНЫҢ айтуынша, құрамында тропикамиді бар препараттар дәріханаларда тек дәрігердің рецептісімен ғана сатылуы тиіс екен:

Мұндай препараттарды рецептісіз сататын фармацевтер заң бұзып отыр. Осы үшін оларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы керек.

Ал осындай заңбұзушылық орын алса, қайда хабарласу керек деген сұраққа ол кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялануына байланысты белгілі бір дәріханаларды заңның сақталуына қатысты тексеру қиын болып отырғанын айтты:

Әрбір тексеру Бас прокуратурамен мақұлдануы тиіс. Әзірге шағымдарға қатысты не істеуге болатындығы түсініксіз болып отыр. Іс жүзінде қазір біздің қолымыз байлаулы отыр деуге болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.