Атырау, 27 қараша 00:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жас таланттар баспанасы

2 404 просмотра

Бес жылдай туыстарының үйлерін паналап келгенКіші Өнер академиясы (КӨА) оқушыларының енді өзжатақханасы бар.

15 сәуірде NCOC пен NCPOC компанияларының өкілдері КӨА директоры Долорес ТАСҚАРИНАҒА 75 орындық үш қабатты жаңа жатақхананың кілтін табыс етті. Ғимаратта тәрбиеленушілерге арналған бөлмелерден басқа асхана, сабақ оқуға арналған кабинеттер, демалыс залдары, әр қабатта медициналық пункттер, кір жуатын бөлмелер бар.

КӨА-да бүгінде 500-ден астам бала оқиды. Біраз уақыттан бері аудандардан келген балалар оқу кезінде туыстарының немесе таныстарының үйлерінде жатып оқуға мәжбүр болатын. Жатақхананы іске қосу елеулі оқиға болды. Өйткені, КӨА – балалар 1-сыныптан бастап оқитын Атыраудағы жалғыз өнер мектебі. Оның шәкірттері – республикалық және халықаралық шығармашылық байқаулардың тұрақты қатысушылары. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ пен қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ қатысты.

- Өнер академиясы 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұрынғы жылдары аудандардан келген балалар интернаттың ескі ғимаратында тұрды, содан соң ол әбден тозып бітті. 2009 жылы жаңа жатақхананың құрылысы басталды, - деп әңгімелейді КӨА директоры Долорес Тасқарина.

- Кіші академия көптеген шәкірттер үшін шеберліктің шынайы мектебіне айналды. Бұл - болашақ суретшілердің, музыканттардың, әншілердің тал бесігі. Жаңа жатақхана соңғы 15 жыл ішінде Атырау мен Маңғыстау облыстарында консорциум аяқтаған жалпы құны 400 млн доллардай болатын 152 жобаның қатарына кіреді, - деді NCOC-тың сыртқы істер жөніндегі директоры Пьер ДЕЛЬПОН жатақхананың ашылу салтанатында.

Ол сөзін аяқтаған соң, біз құрылыстың тым ұзақ жүруінің себебін сұрадық. Месье Дельпонның айтуынша, белгілі бір кезеңде консорциум мердігерді алмастыруды ұйғарған. Өйткені «ғимараттың белгілі бір стандарттарға сай аяқталуын» қалаған екен. Атап айтқанда, қандай проблемалардың туындағанын ол есіне түсіре алмай, содан бері көп уақыт өткенін желеуретті.

Келесі айда NCOC тағы екі ғимаратты тапсыруды жоспарлап отыр. Бұлар – мектеп пен балабақша. Сонымен қатар, жөндеу жүргізілгеннен кейін облыстық балалар ауруханасының ғимаратын және СПИД орталықтың жаңа ғимаратын ашуға әзірленуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.