Атырау, 27 қараша 02:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Газетке арнап өмірін...

2 042 просмотра

Бүгін, 18 сәуірде Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы алдындағы алаңда қаралы митинг өтті – облыс халқы «Атырау» газетінің бұрынғы редакторы Теңдік ЖАУЫРОВТЫ соңғы сапарға аттандырды.

Журналистика ардагері 80-ге келіп қалса да, өзін жақсы сезініп, кезекті кітабын аяқтады, әріптестерімен үнемі байланыста болып, жергілікті университет студенттеріне дәріс оқыды. Оның журналистика саласындағы тәжірибесі өте бай еді: сонау 60-шы жылдардың өзінде Махамбет аудандық газетті бүкілодақтық сыйлық иегеріне дейін көтеріп, 80-ші жылдары облыстық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімін басқарды. Содан кейін өзінің қиын да тынымсыз, сүйікті кәсібі – редакторлыққа қайта оралды.

Біз Теңдік Жауыровты тамаша сұхбаттас, ақ көңіл де биязы үлкен әріптесіміз, қаламы қарымды журналист ретінде мәңгі есімізде сақтаймыз.

«АЖ» редакциясы

18 сәуір 2014, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.