Атырау, 27 қараша 02:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Домалақ арыздың ізімен тексеруге шықты

3 383 просмотра

Жайық-Каспий балық өсіру зауытына бекіре тұқымдас балық аулайтын «Амангелді» ӨК балықшылары ау қайтарып жатыр. 300 метрлік ауға шыққан он-он бес табан мен көксеркеге қарап, бастарын шайқауда. Жайық-Каспий балық өсіру зауытына бекіре тұқымдас балық аулайтын «Амангелді» ӨК балықшылары ау қайтарып жатыр. 300 метрлік ауға шыққан он-он бес табан мен көксеркеге қарап, бастарын шайқауда. Жайық өзенінде бөлінген квота аясында ауланған балықты заңсыз кері сатудың алдын алу бойынша рейд өтті.

Біздің өңіріміздегі балық аулау маусымының екі ұмытылмас дәстүрі бар: бірі - сәуірде «Бекіре» операциясы, екіншісі – бір-біріне жала жапқан жасырын ақпараттық соғыс басталады. Осы маусымда да балықшылар бұл әдеттерінен таңар емес. Осындай анонимді хабардың ізімен «Нұр Отан» партиясының, «ҚазақБалықшар» қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымы және Балық шаруашылығы инспекциясының Дамбы бөлімі өкілдері өзеннен төмен қарай түсті. «Домалақ арызда» нақты мәліметтер берілген екен. Тізімде бар барлық өндірістік кооперативтерге бардық. Балықшылар заңсыз балық сатып жатқан жоқпыз деп ант-су ішісті. Алайда «Нұр Отан» рейді қатысушыларының бірі, «Амангелді» балық аулау кооперативінің иесі Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ (бұл кооперативтің балықшылары да домалақ арызда келтірілген) балық аулайтын еш жабдықтары мен құралдары жоқ бәсекелестері арнайы жеке жұмысшыларын жалдап, артық ақша шығарғысы келмейді. Олар өздеріне бөлінген квоталарды заңсыз ауланған балықты сатып алумен толтырады, әрине, бұл жерде жоғары жаққа бірдеңе қыстырмаса болмайды. Осылайша, кейбір мердігерлер бизнеске бір тиын салмастан, табыс тауып отыр.

- Бұл кәсіптік браконьерлік сияқты заңсыз балық өндіру ғой, - дейді Әмірғалиев. – Біз алдын алу жұмыстарын жүргіземіз, балықты заңсыз кері сататын балықшыларға да, сатып алатын мердігерлерге де осыны түсіндіргіміз келеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 сәуір 2014, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.