Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында бюджетке 92 млрд 454 млн 649 мың теңге сомада кедендік төлемдер мен салықтар түсірген (61 млрд 352 млн 020 болжанған тапсырманың орнына). 2013 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда өсім 49 млрд 971 млн 842 мың теңгені құрады.
***
Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбы бойынша семинар өтті. Департамент мамандары қатысушыларға қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру ережесін түсіндіріп, осы ережелерді бұзғаны үшін айыппұл қарастырылғанын еске салды.